Дәріс 6 Кескіндер - қөріністер, тіліктер, қималар
Дәрістің мазмұны
1. Көріністер
2. Тіліктер
3. Қималар
Көрiнiстер
Көрiнiс деп бақылаушы қарағанда нәрсе бетiнің көрiнетiн бөлiгiнің кескiнiн айтады. Көрiнiстердің проекциялардан айырмашылығы сол, ондағы нәрсе кескiндерiнде кейбiр шарттылықтар мен оңайлату әдiсi пайдаланылады. Бақылаушы мен сәйкес проекциялар жазықтығына аралығында орналасқан деп қарастырады. Көріністер мынадай түрге бөлiнедi: негiзгi, қосымша және жергiлiктi.
Тіліктер
Сызуларды орындағанда тек көріністер көмегiмен ғана нәрсенің кескiнiн әрқашан көрсете беруге болмайды. Бөлшектер және бұйымныр сыртқы және iшкi кескiнiн графикалық жолымен көрсету керек. Бөлшекті iшкi кескiнiн толық анықтау үшiн, оны бiр немесе бiрнеше жазықтықпен ойша қияды.
Бiр немесе бiрнеше жазықтықпен ойша қиылған нәрсенiң кескiнi тiлiк деп аталады. Тiлiкте қиюшы жазықтықтың өзiнде және оның ар жағында жатқандар кескiнделiп көрсетiледi. Бұл жағдайда бақылаушы мен қиюшы жазықтықтың арасында орналасқан нәрсенiң бөлiгi болады.
Тiлiктер мынадай тұрлi болады: жай және кұрделi тiлiктер.
Егер тiлiк нәрсенi бiр қиюшы жазықтықпен қиғанда шыққан болса, онда ол жай тiлiк деп. Бiр қиюшы жазықтық пен қиылған тiлiкте iшкi құрылысы анықталынбайтын кейбiр бұйымдар болады.
Екi және одан да көп қиюшы жазықтықтармен қиылған тiлiктер кұрделi тiлiк деп аталады.
Қималар
Нәрсенi бiр немесе бiрнеше жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан кескiн қима деп аталады. Сызуда қиманы штрихтап көрсетедi.
Егер бөлшек кескiнi нәрседен тысқары орнастырылған болса, онда ол оңашаланған қима деп аталады.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар
1. Қандай көріністер басты деп аталады?
2. Қандай тіліктер болады?
3. Қандай кескін қима деп аталады?
Ұсынылатын әдебиет:
1. Есмұханов Ж. М. Сызба геометрия есептері.– Алматы.: 1995, 272 б.
|
2. Акпанбетов Ғ. Сызба геометрия.- Алматы, 150 б.
|
3. Начертательная геометрия. / Под ред. Крылова Н.Н.-М.:1990, 240 с.
|
4. Левицкий В.С. Машиностроительное черчение. – М.: 1988.- 351 с.
|
Достарыңызбен бөлісу: |