Бақылау сұрақтары:
1. Заттардың транспорттық жүйесі, белок синтезі,
2.Сіңіру және секреттеу жүйесі
3.Қозғалу жүйесі
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.12 (негізгі әдебиеттер), 7.2.1-7.2.16 (қосымша әдебиеттер)
2 Модуль Жасуша – элементарлық биологиялық жүйе
№ 5 тақырыбы: Биомебрананың құрылымы, қызметі және молекулалық ұйымдасуы
Дәріс жоспары:
Биомембрана тұрақтылығын анықтаушы факторлар.
Биомембрананың ультрақұрылымы мен химиялық құрамы.
Белоктар мен липидтердің биомембранада шоғырлануы.
Мембрана ішіндегі компоненттердің молекулааралық байланыстары мен қозғалысы
Даниели және Давсон липид және протеид қабаттарынын тұратын шекаралық мембрана үлгісін ұсынады. Оның негізгі үш қасиеті болмақ: 1) липидтерде еритін заттардың өтімділігі (өткізгіштігі), 2) төменгі үстіртін керу, 3) үлкен электрлік кедергі.
Бұл авторлардың мәліметтері бойынша клеткалық мембрана липид молекулаларының екі немесе одан да көп ассиметриялық мономолекулярлық қабаттарынан құралады. Клеткалық мембраналар әр түрлі болғанымен, олардың барлығы да 40% липидтерден, 60% белоктардан турады. Плазматикалық мембрана және оған жанасып тұрған цитоплазма қабаты кейбір клеткаларда арнайы әр түрлі құрылымдар құруы мүмкін.
Клетканың құрылымының әртүрлі болғанына қарамастан, олардың барлығына ортақ қасиет, ол олардың цитоплазма қабатының ерекше ролінің арқасында пайда болуы, клетканың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінде немесе олардың ұлпа және ағза құрамында интеграциялануы. Плазматикалық мембрананың коптеген эпителилерінен қарым-қатынасы ерекше роль атқаруы. Ядро қабығы қос мембранадан құралған. Әрбір мембрана бір-бірінен көлденені 20-дан 40 нм дейін келетін құыстармен бөлінген екі липидтік биоқабаттан турады. Сыртқы ядролық мембрана, эндоплазматикаляқ ретикулумның мембраналық жүйесімен байланысты болады. Оның сыртқы қабаты рибосомалармен себілген эндоплазматикалық ретикулумның құысы перинуклеарлық кеңістікпен байланысты болғандықтан екеуі де эндоплазматикалық ретикулумның, арнайы бір бөлімі ретінде қаралады. Ядро қабығының белгілі бір участкелерінде сыртқы мембрана ішкі мембранамен қосылып ядролық саңылау құрайды.
Плазматикалық мембрана көптеген маңызды биологиялық қызметтер атқарады. Олардың ішіндегі ең бастылары- қорғау қызметі мен тасымалдау қызметі. Тасымалдау қызметіне су мен иондарды және молекулалық заттарды пассивті түрде тасымалдау мен осы заттарды концентрациясының градиентеріне қарсы белсенді түрде өткізу және жоғары молекулалық қосылыстар мен компоненттерді тасымалдаудың түрлі формалары жатады. Сонымен бірге клеткада пайда болған өнімдерді плазматикалық мембрана клеткадан сыртқа шағаруына қатысады.
Бақылау сұрақтары:
1. Плазматикалық мембрананың құрылысы неде?
2. Қандай қызмет атқарады?
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.12 (негізгі әдебиеттер), 7.2.1-7.2.16 (қосымша әдебиеттер)
2 Модуль Жасуша – элементарлық биологиялық жүйе
№6 тақырып: Ядролық геномның ұйымдасуы және эволюциясы
Дәріс жоспары:
Клетка ядросының ұйымдасуына қазіргі кездегі көзқарас.
Ядролық саңылаулардың және ядролық қабықшалардың құрылысы.
Хромосоманың құрылымы және репликациясы. РНК процессингі және синтезі.
Геннің экспрессиясының бақылануы.
Клетка дифференцировкасы және оның гендер экспрессиясымен байланысы. Геннің экспрессиясы және репрессиясындағы ядро мен цитоплазманың рөлі.
Детерминация және компетенция
Ядроның клетканың өмірінде алатын физиологиялық маңызына баға берген кезде екі жағдайды айыра білу керек: 1) генетикалық функциясы және клетканың дамуына ядроның тигізетін әсері; 2) клеткадағы ядроның метаболикалық қызметі. Осы екі жағдайда клетканың ядро-цитоплазмалық дифференциялауын білдіреді. Ядро мен цитоплазма бір-бірімен байланысты жүйені құрайды, олар бір-бірінсіз ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды. Ядроның формасы клетканың формасына байланысты болады.Ол шар тәрізді де болады. Мысалы:лимфоциттер, мультиполярлық, нейроциттер. Цилиндір тәрізді немесе призма тәрізді клеткалардың ядролары элипсойд тәрізді болып келеді. Мысалы: бұлшық еттер, кейбір эпителлилер. Ядроның түрі клетканың функционалдық жағдайына қарай да өзгеріп отырады. Көптеген тірі клеткаларда ядро оптикалық гомогенді болады, ядроның қабығы ғана көрінеді, оның ішінде бір немесе бірнеше жарық сәулесін сындыратын ядролық денелері болады. Басқа тірі ағзаларда ядро клеткалары ядрошықтардан басқа әр-түрлі көлемдегі гранулалардан тұрады. Олар ешқандай құрылымсыз ядро сөлімен қоршалған. Ядроның үлес салмағынан көп болады. Ал ядроның құрамындағы заттардың ішіндегі ең көп үлес салмағы бар ол ядрошық. Одан кейін хроматин сонан соң ядро сөлі. Ядро реакциясы әлсіздеу негізді РН 7,4-7,8 болып келеді, ал цитоплазма реакциясы әлсіздеу қышқылды РН 6,6-6,8 болады. Ядроның негізгі салмағын 70-90% белоктар құрайды. Ядро белоктарының арасынан нуклейн қышқылдарымен бойланысы бар нуклепротеид белоктарын айтуға болады. Көптеген жағдайда ядродағы ДНК концентрациясы РНК концентрациясынан артық болады. ДНК хроматин ядроларына жинақталған, ал РНК ядрошықтарға да, хроматиндерге де және де цитоплазманың әр-түрлі органоидтарында жинақталған. Ядрошық РНК концентрациясы, ядроның ядрошықтан тыс бөлігіндегі концентрациядан әлдеқайда жоғары болады.
«Хроматин» терминін өткен ғасырда ядроның боялатын құрамы деп атаған. Хроматин құрамының көпшілік бөлігі негізгі бояулармен боялады, кейбіреуі қышқыл бояулармен боялады. Ғасырдың бас кезінде хроматин құрылымының өзгеріп тұруын клетканың функционалдық жағдайымен байланыстырып отырған. Тірі ядрода хроматин бар екендігін көптеген ядрошықтардың тегіс емес пішіндерінен байқауға болады. Морфологиялық жағынан қарағанда ядрошық жанындағы хроматин және хромоцентрлар ядрошықтармен байланысты хроматин құрылымдарының бір тұтас жүйесін құрайды. Тірі бөлінбейтін ядроның микроскопиялық суреті клетканың жағдайына байланысты екенін білеміз. Цитохимиялық реакция хроматин құрамында нуклейн қышқылдары ДНК және РНК, липидтер және негізгі қышқылды белоктарға тән бірнеше аминоқышқылдар бар екені анықталды. Хроматиннің негізгі бөлігі митотикалық хромосомдар сияқты нуклеопротеиндтерден (ДНК)тұрады. Хроматин құрамына нуклеин қышқылдары да кіреді. Нуклейн қышқылдары бір-бірімен заңды қатынастарымен байланысқан. ДНК-ның молекулярлық салмағы клетканың басқа заттарының молекулярлық салмақтарынан артық болады. Клетканың құрамының ең тығыз бөлігі ядрошық болып табылады.Ядрошықтың шамасы клетканың физиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Ядро сөлінің құрамына ядроның көптеген ферменттері және гликопротейдтер сияқты әр түрлі белоктар кіреді. Электронды микроскоп зерттеулері ядро сөлінің тығыздығы және көлемі әр түрлі болып келетін гранулалар табылды.
Клеткада ядроның маңызы өте зор.
Бақылау сұрақтары:
1. Интерфазалық клетканың құрылысын атаңыз
2. Ядроның құрамына және қызметіне анықтама беріңіз
3. Ядрышықтың құрамына не кіреді?
4. Ядро шырынына не кіреді?
5. Хроматинді құрылымыға не кіреді?
Әдиебеттер: 7.1.1-7.1.12 (негізгі әдебиеттер), 7.2.1-7.2.16 (қосымша әдебиеттер)
2 Модуль Жасуша – элементарлық биологиялық жүйе
№ 7 тақырыбы: Цитоқаңқаның ұйымдасуы
Дәріс жоспары:
Қозғалысты қамтамасыз ететін орындаушы механизмдердің негізгі типтері мен молекулалық ұйымдасуы.
Цитоқанқаның транспортты және тітіркену қызметі.
Микротүтікшелер мен актинді жіпшелердің полимеризациясы және өзара әсерлерінің негізінде қамтамасыз етілетін қозғалыс жүйесі.
Цитоқанқаның құрылысы және қайта құрылуы.
Тубулиндер, G және F актин, миозин, МАР, БАМ басқа цитоқанқа құрылымының негізгі болатын белоктар.
Микрофиламеттер, микротүтікшелер, аралық филаменттер
Ортадағы тұздар концентрациясына олардың активтігінің тәуелділігі, электр тогындағы қозғалғыштығы мен серологиялық қасиеттері түрліше болады. G және F- актин, миозин және басқа ақуыздар- цитоқаңқаның құрылымы. Тасымалдау және қысқарту функциясының цитоқаңқасы.
Цитоқаңқа (цитоскелет)- қозғалмайтын қаңқа емес, тығыз филаменттер (талшықтар) мен қуыс түтіктерден тұратын майысқақ күрделі жүйе.
Бұл цитоплазмада орналасқан тірі клетка. Ол барлық клеткаларға, эукариоттарға да (жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және қарапайымдылар) прокариоттарға да қатысады. Тiрi организм құрылысының ең ұсақ құрылымы, қызмет бiрлiгi, басты негiзi - клетка (торша, клетка, грек. - «суtоs», лат. - «сеllulа»). Ол прокариотты (лат. prо - дейiн, kа´уоn - ядро; ядросының айналасында - жарғағы болмайды, хромосомалары цитоплазмамен тiкелей байланысады. Цитоплазмасында - митохондрийлер, хлоропластар кездеспейдi, рибосомалар мөлшерi кiшi болады. Мейозбен бөлiнбейдi. Оларға - бактериялар, актиномицет, көк-жасыл балдырлар, вирустар жатады), эукариотты (грек. еu - толық, ядролы, көп клеткалы организмдер, ауыл шаруашылық малдар клеткалары), әртүрлi (қарапайым домалақтан таңқаларлыққа дейiн) болып, әрi дене (көбеюден басқа қызметтердi толық атқарады) және жыныс клеткалары (аналық - жұмыртқаклетка, аталық - сперматозоид) деп бөлiнедi. Дене клеткасы әдетте қосарланған (диплоидты) хромосома жиынтығын, жыныс клеткалары дара (гаплоиды) хромосома жиынтығын сақтайды. Клеткалардың бәрiнде iшiн сыртқы ортадан, көршi клеткадан бөлiп тұратын сыртқы қабығы (плазмолемма, плазмалық жарғақша (грек. plаsmа - iркiлдек сұйықтық; лат. «mеmbrаnо» - жарғақ), гиалоплазмасы (грек. hyаlоs - шыны; матриксi-құрылысы әр тектi, құрамы, iшкi тiрегi), тұрақты, тұрақсыз қосындылары бар - цитоплазма (грек. «kytos» - клетка); хроматин (грек. chrоmа - түс), ядрошық (лат. nuclеоlus), қабық (кариотека - грек. kаryоn - ядро, thеkе - қабық), шырын (нуклео-, кариоплазма, кариолимфа), белоктiк негiз сақталатын - ядро болады. Организмде клетка туындылары клеткасыз құрылымдарда кездеседi. Оларға - симпластар (грек. syn - бiрге, plаstоs - жасалған; остеокласт, трофобласт сыртқы қабаты, қаңқалық бұлшық ет талшығы), синцитийлер (грек. syn - бiрге, суtоs - клетка; даму жолындағы сперматозоидтар), клеткааралық заттар (коллаген, эластин, аргирофильдi талшықтар, аморфты зат), өз қызметiн аяқтап, ендi оны жалғастыра алмай, басқа қызметке бейiмделе бастаған клетка туындылары (эритроциттер, қан тақташалары, эпидермистiң мүйiздi қабаты, шаш, тырнақтар) жатады. Клетканың жалпы құрылыс ерекшелiктерiн, қызметiн зерттейтiн iлiмдi - цитология, немесе клетка биологиясы деп атайды. Ол клетка құрылымын, өтетiн физиологиялық процестерге қатысуын, реттеу жолдарын, құрамбөлiктер өндiруiн, орта жағдайына орай клеткалар бейiмделуiн, түрлi әсерлерге реакция жасауын, клетканың дерттанулық өзгерiсiн зерттейдi. Клетка анықтамасын тұңғыш 1861 ж. немiс ғалымы Макс Шультце «клетка-iшiнде ядро жататын протоплазма кесегi. Ол толық тiршiлiк қызметiн атқаруымен сипатталады, оның тiршiлiк ортасы протоплазма болып келедi. Плазмолемма қызметтерi: клетка қабығы екiншi клетканы, клетка аралық заттекті танып, оларға (талшықтарға, негiздiк жарғақшаға) жапсырыла алады; заттарды, бөлшектерiн цитоплазмаға, одан тасымалдайды; сыртында арнайы сезiмтал жүйке ұштары орналасатындықтан гормон, медиаторлар, цитокиндер, басқада хабаршы молекуламен өзара iс-қимыл жасайды. Цитоплазма - қоршап тұрған ортадан плазмолеммамен шектелiп, құрамы гиалоплазма, тұрақты және тұрақсыз қосындылардан тұратын клетка құрам бөлiгiнiң бiрi. Гиалоплазма (грек. hуаlinоs - шыны, мөлдiр), цитозоль, клетка шырыны, матриксi -клетка құрамын бiрiктiрiп, бiр-бiрiмен химиялық қатынасын қамтамасыз ететiн, күрделi коллоид жүйесi, iшкi тiрегi. Тұрақты қосындылар (органелла, органоид, грек. «оrgаnоn» - ағза, мүше; «еidоs» - түрi) - арнайы қызметтер атқаратын, құрамында әртүрлi молекулалар саны бар, мөлшерi 20 нм-ден 10 мкм дейiнгi жарғақшалы, жарғақшасыз құрылым. Жарғақшалыларға-цитоплазмалық тор (эндоплазмалық ретикулум), тақташалар кешенi (Гольджи аппараты), митохондрий, лизосома, пероксисома, жарғақшасыздарға - рибосома (полирибосома), клетка орталығы, цитоқаңқа элементтерi (микротүтiкше, микро-, аралық өскiндер (филаменттер) жатады. Цитоплазманың тұрақсыз қосындылары, уақытша құрамбөлiктерi, клетка зат алмасуынан жиналатын өнiмдерге байланысты болып, қоректiк, секреттiк, экскреттiк (сыртқа шығарылатын зат), бояутектiк (пигменттiк) деп бөлiнедi. Қоректiкке май, көмiрсу, белоктар жатады. Ядро (nuсlеus) - клетканың басты құрамбөлiктерiнiң бiрi, тектiк аппарат ұстайды. Тектiк хабарды сақтап, таратады, ұрпақтан ұрпаққа бередi. Кезеңаралық клетка ядросы кариолеммадан (қабығынан, қабықшасы), хроматиннен, ядрошықтан, кариоплазмадан (ядро шырыны, iркiлдек шырын) тұрады.
Тубулин- микротүршіктердің құрамды бөлігі, диаметрі 4 нм шамасындағы кішкене глобулалық белок. Тубулиннің α және β деп белгіленетін екі түрі бар. Тубулиндердің құрамында микротүтікшелерді құрауға қажет ГДФ-тің көп мөлшері үнемі байқалады. Микротүтікшелердің құрамында тубулиндердің басқа молекулалық массасы жоғары қосымша белоктар болады. Оларды ішіндегі маңыздыларының бірі қозғалу процесі кезінде энергияны тасымалдауға жауап беретін динеиндер. Молекулалық массаларымен ажырайтын динеиннің екі формасы белгілі. Динеин 1-нің молекулалық массасы 600000 тең, диниен 2-нікі 700000-ға жуық. Қоршаған цитоқаңқаның компоненттері микротүтікшелер мен тығыз филаменттер (талшықтар). Филаментер диаметріне байланысты жіңішке (6-7 нм), аралық (8-10 нм) және жуан (15-20 нм) филаментер болып бөлінеді. Цитоқаңқалық элементер клетканың ішкі тірегін құрайды, клеткаларды өзара байланыстыру қызметтерін атқарады және клеткааралық қозғалыстарға қатысады. Филаменттер клетканың шетінде жиналған немесе цитоплазмада тегіс орналасқан тор құрайды. Актин мен миозин бірінші рет бұлшықет клеткаларында байқалған қимыл жүйесіне жауапты белоктар. Қазіргі кезде барлық клеткаларда байқалғаны анықталды. Жіңішке актиндік филаминдерді «цитосүйектер», ал жуан миозиндік филаменттерді-«цитобұлшықеттер» деп атайды. Актин бірнеше функциялық қызмет атқарады. Мысалы, клетканың пішінін сақтау мен оның өзгеруіне, митозға, клеткалардың қозғалуына, цитоплазманың қозғалуына және т.б. қатысады. Миозин өзінің құрылымы жағынан актиннен өзгешелеу. Миозин екі ауыр жіне екі-төрт тізбектен тұратын ірі белок. Бұлшықет талшықтарында миозин малекулалары жуан жіптер деп аталатын шоғырлар құрайды. Миозин актин сияқты скелет еттерінде болуымен бірге клеткалардың басқа көптеген типтерінде де кездеседі, бірақ оның саны актинге қарағанда аз болады. Мидың клеткаларында миозиннің мөлшері 0,5% (актин 10%), фибробластлердің клеткаларында-жалпы белоктың 3%-ын құрайды. Әр түрлі клеткалардан алынған миозиндер бір-біріне ұқсас болады.
Актин мен миозин өзара байланысып актомиозин кешенін құрайды. Актин өз бетінше жиырыла алмайды. Оның жиырылуы үшін энергияны айналысқа түсіретін компонент болуы керек. Бұның міндетін миозин атқарады.
Бақылау сұрақтары:
1.Цитоқанқаның ұйымдасуы ?
2.Цитоқанқа қандай қызмет атқарады ?
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.12 (негізгі әдебиеттер), 7.2.1-7.2.16 (қосымша әдебиеттер)
2 Модуль Жасуша – элементарлық биологиялық жүйе
№ 8 дәріс тақырыбы: Митохондрийдің, пластидтердің молекулалық және ультрақұрылымы
Дәріс жоспары:
Митохондрийдің, пластидтердің молекулалық және ультрақұрылымы.
Жоғарғы организмдердегі клеткаларындағы компартмендер
Клеткадағы және ондағы заттардың қозғалуы
Өсімдіктер клеткасының ең негізгі ерекшелігі мықты торша қабаты- қабықтан тұрады және ол плазмалық мембрананы қоршап, қорғап жатады. Бұл қабат өсімдіктер клеткасына механикалық біріктік береді. Ең алғаш микроскоптың комегімен қалың клетка қабатын Р.Гук тапта да, оны клетка деп атады. Клетка қабығы целлюлоза және пектинен тұрады. Қөп ткандерде клетка күрделі және жоғары дифференцианалды құрылымда болады. Кейбіреуінде біріншілік, екіншілік, үшіншілік қабықтар болады. Бұл үш қабық бір-бірінен микрофибрилдердің орналасуыны бойынша және химиялық құрамы бойынша ажыратылады.
Біріншлік және еіншілік қабықтар негізінде полисахаридтердің целлюлозасынын тұрады. Біріншілік қабықта басқа да лигнин және суберин, ал клетка эпидермисында кутин берік жоғары қатар түзеді де, клетканы судың құргап кетуінен сақтайды. Саңырауқұлактар мен дрожжылардың клетка қабаты хитиннан турады. Кейбір ткандерде үшіншілік қабық болады, ол екіншілік тканің ішеі құрамына кіреді және спецификалық құрылымнан, химиялық заттардан тұрады да боялу реакциясы жүреді. Бұл қабық негізінен целлюлозадан, ксиланадан тұрады. Плазмадесма цитоплазмамен жатасып жатады, бірақ бір-біріне қосылмайды. Электронды микроскоппен қарағанда плазмодесманың ішінде бір клетка екіншісіне еніп жатады да жұка плазмалық жарғақсасы болады. Осы плазмадесма арқылы вакуоль немесе вакуольдік жүенің цистерналары байланысады. Бүндай байланыс клетка аралық заттардың циркуляциясын қамтамасыз етеді.Протопласт белокты-липоидтық мембранадан тұрады. Ядро протопластың орталық бөлігінде орналасады және диаметрі 300 А0 болатын доңгелек саңылыулар жинақталған қабықшамен қоршалған. Ядро ішкі құрылысы- ядрошық қабықшасы жөқ. Вакуольді жүйе клетканың дифференциалану уақытында цитоплазмамен өте тығыз байланыста болады. Бұл процесс вакуольге сұйықтың толуына комектесуі мүмкін. Өсімдіктер мен жануарлар клеткаларында Гольджи аппараты цитоплазмада әр түрлі болады. Оны диктиосома немесе гольджисома деп атайды. Диктиосома доға тәрізді пластина пішінді, митохондиряның мөлшеріндей немесе одан да кішірек келген жұқа болады. Олар аяқ жағында кенейген, толтырылған көпіршік тәрізді цистернаның манайында көптеген копіршіктер орналасады, олар диктиосоманың әрекеттерінің өнімдіреді. Диктиосома цитоплазманың бойында ретсіз, шашыранқы орналасқан.
Өсімдіктер клеткасындағы митохондрийлер жануарлар клеткасындағы сияқты болып келеді. Ең манызды мәселе митохонрийлер мен хлоропластардың арасында туады. Пластидтер- өсімдік клеткасы протопластың органоиды. Бұларда көмірсутектердің алғашқы және екінші синтезі жүреді. Осы процесс өсімдіктің зат алмасуы үшін қажет.Пластидтердің түсі бойынша үш негізгі түрі бар: түссіз лейкопластар, жасыл түске бояған хлоропластар, жасыл емес хромопластар.Лейкопластар- түссіз пластидтер, олар өсімдіктердің боялмаған бөліктерінде болады. Лейкопластардың көбірек тараған түрі- аминопластар. Оларда моно және дисахаридтерден екінші реттік крахмал түзу синтезі жүреді. Жасыл пластидтер- хлоропластар фотосинтездегі көмірсутектердің жарық энергиясың қатусуымен алғашқы синтезінің органоиды болып табылады. Бұл пластидтер тек жарықта пропластидтерден, не басқа дифинетифті пластид түрлерінен дамиды. Сары қызыл хромопластар протопластидтерде немесе лейкопластарда каротиноидтардың жинақталуы нәтижесінде қалыптасады.
Қосындаларды пайда болына қарай 3 топқа бөлуге болады: 1) пластидтердің (крахмал, май, пигмент) қызметінің нәтижесінде пайда болғандар, 2) вакуольдер жүйесіне жатқызылғандар (алейрондық тұқымдар, тұздардың кристалдары), 3) цитоплазмадағы диктиосомалар(майлар, эфир майлары) қызмет нәтижесінде пайда болғандар. Зат алмасу процесінің әсерінен азық құрамындағы қүрделі органикалық қосылыстар энергиясы организмде химиялық, жылу, механикалық және электр энергиясына айналады.
Диффузия - концентрациясы әр түрлі екі түрлі қоспа қосылғанда, бұлардың молекулалары бірігеді. Егер конценттірірген қант қоспасын сумен араластырса, онда қант молекуласы биік концентрациядан төмен концитрацияға таралады. Сондықтан да екі қоспа арасындағы концентрация айрмашылығы көбрек болса, диффузия тезірек жүреді. Фагацитоз – жануарлар организіміде қоректену және ас қорту қызметін атқарады. Фагоцитоз арқылы клеткаға қою, қатты заттар енеді. Қазіргі деректерге сәйкес фагоцитоз төрт сатыда өтеді 1) аттракция – лейкоциттердің бөгде заттарға қарай жылжып жақындауы, 2) аккупация – ақ түйіршіктердің бөгде заттарды қоршауы, 3) пиноцитоз – жылған аяқтары арқылы бөгде заттарды цитоплазмаға тарту, сіңіру, 4) лизис – ферментердіің әсерімен бөгде заттардың ыдырауфы, қорытылуы. Пиноцитоз – клеткаға қатты заттардан басқа сұйық заттар да енеді. Бұны 1931 жылы Льюис бақылаған. 1934 жылы Маст пен Дайл пиноцитоздың маңызын амебаның денесіне белоктардың енуімен анықталды. Амеба белокты қоспалы ішіп, сонымен қоса жасушыға енбейтін заттарды да сіңіреді. Сіңіру – деп әр түрлі заттардың жасушылар қабаты мен клетка аралық кеңістіктер арқылы қан мен лимфаға өтуін қамтамассыз ететін физиологиалық процесті айтады. Сіңу кезінде қоректік заттар молекуласы үш мембрандық тоспадан өтеді: энтороциттің ішек қуысына қараған апиқальдық мембранадан, клеткалардын цитоплазмалық торының микротүтіктерінен, осы клетканың капилярларға қараған базальдық мембранасынан. Кейбір заттар клетка аралық соңылаулар арқылы өтеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Митохондрийдін құрылысы және қызметі
2. Пластидтердің құрылысы және қызметі
3. Зат алмасу клеткада қандай жолдармен жүреді
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.12 (негізгі әдебиеттер), 7.2.1-7.2.16 (қосымша әдебиеттер)
2 Модуль Жасуша – элементарлық биологиялық жүйе
№ 9 тақырыбы: Клетканың сыртқы ортамен қарым - қатынасы
Дәріс жоспары:
Физикалық ортадағы клеткаға әсер ететін негізгі факторлар.
Химиялық қоршаған ортаның табиғи және антропогенді факторлары.
Клетка мен организмдердің кооперациясы және бір –бірімен бәсекелестілігі.
Тірі организмдерге қоршаған орта жағдайлары тура немесе жанама әсер ететін болса, оны экологиялық фактор деп атаймыз.
Факторларды былай ажыратамыз: 1) абиотикалық ( өлі табиғат) – жарық, температура, ауа және топырақ ылғалдылығы, топырақтың химиялық құрамы, су, атмосфера және т.б.; 2) биотикалық - әртүрлі организмдердің түрішілік және түраралық қатынасы; 3) антропогендік – тір табиғатқа тікелей адамның қатынасы. Экологияның басты мәселелерінің бірі – тірі организмдердің қоршаған орта шарттарына табиғи сұрыпталу барысында бейімделушілігін (адаптациясын) зерттеу. Температура факторына тән: пойкилотермді (суыққанды жануарлар –орта жағдайына байланысты дене темтературалары құбылмалы тұрақсыз жануарлар) ; оларға барлық омыртқасыздар, сонымен қатар балықтар, бауырыменжорғалаушылар, қосмекенділер және сүтқоректілердің кей түрлері жатады; ал орта жағдайына байланысты дене температуралары теңесетін және азды-көпті температураға әсер ететіндер – гомойотермді (жылықанды жануарлар – дене температуралары қалыпты, қоршаған орта әсеріне тәуелсіз); оларға құстар және сүтқоректілер жатады. Ал енді жарықтың ролі организмдер тіршілігінде әртүрлі болып келеді. Біріншіден, жарық - жасыл өсімдіктер үшін фотосинтез энергия көзі; екіншіден, күн сәулесінің жылулық әсері; үшіншіден, жарық- көптеген тіршілік процестеріне қатысады, әсіресе, жануарлар мінез-құлқын реттеп, тітіркендіргіш әсер береді. Көптеген организмдер ( жануарлар, өсімдіктер, аэробты микроорганизмдер) үшін молекулалық оттегінің ролі жоғары, өйткені клеткалардың тыныс алуына қажет.
Бақылау сұрақтары:
1.Қандай факторлар клеткаға әсер етеді?
2.Клетка мен организмдердің кооперациясы және бір-бірімен бәсекелестілігі
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.12 (негізгі әдебиеттер), 7.2.1-7.2.16 (қосымша әдебиеттер)
2 Модуль Жасуша – элементарлық биологиялық жүйе
№10 тақырыбы: Клетка бөлінуінің механизмдері
Дәріс жоспары:
Тiршiлiк, жасушалық цикл
Кезеңаралық фаза
Жасушаның күрделi бөлiнуi, митоз немесе кариокинез. Профаза.
Амитоз
Мейоз
Эндомитоз
Ұрпақ қалдыру қызметi, тектiк хабарды ұрпақтан ұрпаққа беру жасуша циклi кезiнде қамтамасыз етiледi.
Жасушаның бiр бөлiнуiнен екiншi бөлiнуiне дейiнгi кезеңдi, немесе бөлiнгенiнен өлгенiне дейiнгi мезгiлiн тiршiлiк, жасушалық цикл (грек. - шеңбер) деп атайды.
Тіршілік цикл-таза митоз бөлiнуiмен екi бөлiну аралығы - кезеңаралық фазадан тұрады.
Кезеңаралық фаза
митозға қарағанда ұзақ, үш: түзiлу алды (митоздан кейiнгi (G1), түзiлу (S), түзiлу соңы (митоз алды (G2) кезеңдерiне бөлiнедi.
-түзiлу алды кезең жасушаның митозбен бөлiнгенiнен кейiн басталып, жасушаның қарқынды өсуi, белокпен РНҚ түзiлуiмен сипатталады. Жасуша қалыпты мөлшерiне жетiп, қажеттi тұрақты қосындыларын бұрыңғы қалпына келтiредi. Кезең бiрнеше сағаттан бiрнеше күнге дейiн созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |