Қан сары суын егу үшін төмендегі заттарды дайындау керек. Ерітілген қан сары суы қызыл түспен таңбаланады.
Ерітілмеген қан сары суы көк түспен таңбаланады.
Пісек пен ине.
Спирт, бұрау.
Залалсыздандырылған мақта дөңгелегі.
Ыдыс (лоток) қысқышты т.б затттарды салу үшін.
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.
Орындалуы: Байқауды міндетті түрде 1:100 ерітілген қан сары суымен міндетті түрде қатаң тері ішіне білектің алақан жағына 0,1 мл салынады.
20 минуттан кейін жауабы анықталады. Байқауды теріс деп есептейді, егерде ісіктің мөлшері 1 см – ден кіші болса, сондықтан жауабы теріс болғанда қан сары суының ерітілмеген 0,1 мл мөлшерін,иықтың ортасына тері астына егіледі,жауабын 30 минуттан кейін анықтайды. Теріс жауап алғанда қан сары суының қалған мөлшерін бұлшықетке егеді. Егерде оң жауап болса да (байқауды тері ішіне, тері астына еккенде), қан сары суын өмірге қауіп төнгенде де егуге тура келеді, ал анафилактикалық шоктың белгілері пайда болғанда жалпы жансыздандыру арқылы егіледі. Адреналин ерітіндісінің 1:1000 немесе 5 % эфедрин ерітіндісі әруақытта дайын болуы керек.