«Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Химфарм» АҚ, «Карлскрона» ЖШС, «Балтекстиль» ЖШС, «Алматы желдеткіштер зауыты» ЖШС) құру бойынша жобаны іске асыруда. Компаниялар бүгінгі таңда 7,5 млрд теңге сомасына 14 жобаны іске асырды және жабдықтардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ресурстар шығындарын төмендету т.б. есебінен үнемдеу түрінде пайда алуда.
Индустрия 4.0 пайдасы қандай?
Индустрия 4.0 отандық кәсіпорындарға өзіндік құнын төмендету және еңбек өнімділігін арттыру есебінен өзінің табысын арттыруға ғана емес, жаңа технологиялық даму деңгейіне шығып, жаңа нарықтарды табуға, қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіруге мүмкіндік береді. Қазір цифрландыру жоспарларында алдыңғы кезекте жоғарғы қосылған құны бар экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды назарға алу тұр (тау кен металлургия кешені, машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика). Бұл орынды да, себебі өндірістің тиімділігі оның өнімдерінің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігіне байланысты. Сонымен қатар, осы салалардағы кәсіпорындар цифрландыру жобаларын іске асыру үшін қажетті ресурстардың жеткілікті көлеміне ие. Өндірістегі барлық процестерді кіріктіруге келсек, бұл ретте өндірісті толық кіріктіру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет екенін айта кеткен жөн. Олар – барлық деректер қорын цифрландыру, датчиктер мен сенсорларды жабдықтарға қосу, жалпы байланыс желісін жүргізу және қажетті бағдарламалық қамту жұмысын баптау. Жаһандық өндіріс тізбегіне қосылу процесі туралы айтқанда, оңтүстіккореялық «POSCO» компаниясымен бірге «ПОСУК Титаниум» («POSUK Titanium») ЖШС кәсіпорнын құрған «Өскеменй титан-магний комбинаты» АҚ атап өте аламыз. Бұл кәсіпорында қазір өндірістің барлық кезеңдерін автоматтандыру және бақылау бойныша жоба іске асырылып жатыр, бұл ірі кеме жасаушы компаниялардың оларды соңынан өткізу үшін шығарылатын өнімге расталған өндіріс паспорты бар электронды сертификатты беруге мүмкіндік тудырады.