Бүгінде не іске асырылуда? Күрт өрлеу туралы айтуға болмайды, өйткені өзгерістер процесі уақытты талап етеді. Дегенмен, өз өндірістерінде Индустрия


Қазір заманауи ақпараттық технологияларды қолданусыз тиімді өндірісті елестету қиын



бет3/4
Дата27.10.2023
өлшемі6,05 Mb.
#188719
1   2   3   4
Байланысты:
Индустрия 4.0 2

Қазір заманауи ақпараттық технологияларды қолданусыз тиімді өндірісті елестету қиын.
«Ақылды» өнімдерді енгізу экономиканың басымдықты секторларын, атап айтқанда, Қазақстанның тау-кен металлургия кешенін дамыту үшін аса маңызды.
Мысалы, бүгінде тау кен металлургия секторында келесі іске асырылып жатқан жобаларды атап өтуге болады:
Қазақстандағы белгілі алтын құймаларды өндіруші, модельді цифрлық фабрикалардың арасындағы көшбасшылардың бірі «АК Алтыналмас» АҚ Ақтоғай бөлімшесінде алтын шығару фабрикасында IntelliSense интеллектуалды жобасы технологиясын енгізу технологиялық процестерді предиктивті талдау және үлкен деректерді басқару үшін нейронды желілердің күрделі моделін құруға мүмкіндік береді.
Ақтоғай алтын шығару фабрикасы – Қазақстандағы алғашқы модельді өндіріс, онда жасанды интеллект технологиясын пайдалану ішкі қаптамалардың тозуы мен шарларының жүктемелену деңгейін болжауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, диірмен кешенінің артық жүктемеленуінің алдын алады, бұл процестің ашықтығын арттырып, диірменнің жұмыссыз тоқтап қалуын азайтады.
Сонымен қоса, тау-кен өндлірісі өнеркәсібінің жүйе құрушы кәсіпорындарын цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру аясында «Қазмырыш» ЖШС, «ERG» және «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ компаниялары Pitram, ERP, мобильді персоналды басқару, баланстарды есептеу жүйелерін, сондай-ақ Қашар карьерінде «Ақылды карьер» жобасын енгізді. Жобаларда озық технологиялар қолданылды: ERP датчиктер, борттық компьютерлер, спутниктік позициялау, бұл ретте, барлығы нақты уақыт режимінде іске қосылды.

Индустрия 4.0 тағы қандай артықшылықтар береді?


Индустрия 4.0 технологияларын пайдалану өндірістік жарақаттану деңгейін және өндірістің аса зиянды әрі қауіпті секторларында кәсіби ауруларды азайтудың пәрменді әдісі. Мысалы, тау кен өндірісі жұмыскерлерін позициялау жүйесін қолдану диспетчерге және нысанның командалық пунктіне нақты уақыт режимінде ақпаратты жеткізумен барлық тау кендерінде адамның тұрған жерін табуды қамтамасыз етеді, бұл апатты жағдайларда шұғыл іс- әрекеттерге көшуге мүмкіндік береді.
Мұндай жүйені қолдану үлгісі – түсті металл кендерін өндіретін және өңдейтін қазақстандық тау-кен өндірісі компания-холдингі «Қазмырыш» ЖШС. Малеев кен орнында қысқа уақыт ішінде Pitram мобильді персоналды басқару жйүесін енгізу тиімділігі шахтадағы техникалық жабдықтар мен жұмыскерлердің тұрған жерін бақылап, персоналдың қауіпсіздігін арттырып, жарақаттануды болдырмауға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет