Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет22/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

 
 
Тақырып: Қазіргі заманғы тілдер – Тақырыпты таңдау (үйретіліп жатқан 
тілдегі сөз тіркестері).
Оқушылар үйреніп жатқан тілдерінде жалпы орта білім туралы аттестат 
алу үшін емтиханға қандай тақырып таңдауы керектігін талқылайды:

Жәнібек – тамаша атлет.

География мұғалімі Жәнібек өте көңілді.

Жәнібек апта бойы географиядан үй тапсырмасын орындаған жоқ.

Жәнібек алдағы уақытта бай болғысы келеді. 

Жәнібек дәмді асты ұнатады, алайда дәмді ас дайындай алмайды. 


24 
ҮШІНШІСІ АРТЫҚ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

ойлау, шешім қабылдау; 

проблеманы шешу; 

бірлескен жұмыс; 

ақпаратты басқару. 
Жалпы сипаттама 
«Үшіншісі артық» – пайдалы әдіс, оны тақырыпты бастапқы зерделеу кезінде немесе 
білімін бекіту тәсілі ретінде тақырыпты талқылаудың кез келген бөлігінде қолдануға болады. 
Бұл әдіс оқылатын салаға қарай оқушыларды сөздердің, сөйлемдердің, идеялардың, адамдар 
мен заттардың сипаттамасы туралы ойлануға итермелейді. Оқушылар осы заттардың 
арасындағы кез келген қарым-қатынасты тереңірек түсініп, оларды тиісінше жіктей білу 
үшін, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды.
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушылар жұпқа немесе топқа бөлінеді. 
2. Оқушыларға оқылатын сала мен тақырып төңірегінде бірқатар маңызды 
сөздер/идеялар/орындар/заттар беріледі. Бұл қатар, мысалы, диаскопиялық проекторда 
немесе үлестірме материалдағы тізім болмаса шәкіл түрінде ұсынылуы мүмкін.
3. Оқушылар әрбір шәкіл немесе тізім бойынша артық элементті табуы тиіс. Дұрыс 
немесе қате жауаптың болмауы мүмкін, болмаса кез келген сөз артық болуы ықтимал. 
Сондықтан, оқушылар неліктен ол сөзді таңдағаны туралы дәйекті және нақты жауап бере 
отырып, тізімдегі басқа сөздердің арасындағы байланысты көрсетеді. 
4. Қосымша тапсырма ретінде оқушылар қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты 
сөздерге қосу үшін мағынасы жақын басқа сөз ұсына алады. Сонымен қатар оқушыларға 
өздерінің артық сөздер тізімін не шәкілін ойлап табуға болады.
5. Тапсырманы орындағаннан кейінгі 
жауап алу
барысында оқушылардың 
тапсырмадағы сөздердің арасындағы байланысты қалай анықтағандығына және командалық 
жұмыстың оқушыларға басқа жағдайда байқамай қалатын түрлі байланыстарды көруге 
көмектескендігіне көңіл аудару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет