17
ӨЗІНДІК ОЙЫН
Қалыптастырылатын дағдылар:
ақпаратты басқару;
ойлау.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушыларда белгілі жауапқа қатысты сұрақ құрастыра білу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған. Ол сонымен қатар балама сұрақтар
туралы креативті ойлауға
қабілетті оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушыларға сабақта қарастырылатын тақырыпқа қатысы бар сұрақтардың
жауаптары беріледі. Жауаптар жай ғана күн, есім немесе орын,
эмоция немесе абстрактілі
түсініктер түрінде болуы мүмкін.
2. Оқушылар әр жауап үшін сұрақ ойлап табуы керек.
3. Егер жауаптың бір мәнді сұрағы болмаса, оқушылар өздері ойлап тапқан
сұрақтарды
бір бірімен салыстырып, белгілі бір сұраққа қатысты тоқтамға қалай келгенін
дәйектейді.
Сұрақтар мен жауаптардың үлгілері:
1066 (Гастингс түбіндегі шайқас қай жылы болды?)
Ангела Меркель (Германияның бірінші әйел канцлері кім болды?)
Қорланғандар (Оңтүстік Африкадағы нәсілдік кемсіту кезінде,
оларға
автобустарда жүруге рұқсат етілмегенде, африкандықтар өздерін қалай
сезінді?)
18
ПАЗЛ
Қалыптастырылатын дағдылар:
ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу;
бірлескен жұмыс.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс жаңа топтар үшін «мұзжарғыш» ретінде, командалық тапсырма, ақпарат
жинақтау
құралы ретінде, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе алдағы жоспарлау, шешім
қабылдау немесе егжей-тегжейлі пікірталас жүргізуге түрткі болатын,
жетелейтін алғашқы
қадам ретінде қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың қызықты өтуіне ықпал етіп, балалардың
оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Осы әдіске
ұқсас тапсырма қажет болса,
«
Достарыңызбен бөлісу: