Бүгінгі күннің маңызды жаңалықтары
1.Өткен тәулікте еліміз бойынша 209562 адамның «COVID -19» вирусын жұқтырғаны белгілі болған. Соның ішінде Алматы қаласынан – 24563 адам.
Мұнымен саябырлап қалған сақтық шараларын тоқтатуға болмайтын айтар едім. Ендеше, бетперде тағудың ережелерін тағы да бір естеріңізге салып өтейін.
2.Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай мектебімізде зуум платформасы арқылы «Соғады жүрек» деп аталатын әдеби кеш өткізілді. Әдеби кештке қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Отарбаева Шұға мен Айдос жетекшілік етті. Куә болғандарыңыздай, ақын өлеңдерін жатқа айтатын замандастарымыз көп. Ақын шығармашылығына қызығушылықты ешнәрсе тоқтата алмайтындығына көзіміз жетті. Белсене қатысқан оқушыларға алғысымыз мол.
3.Қымбатты, Отандастар, достар. Мен бүгінде туған тілімнің болашағын ойлап алаңдаймын. Тіл тазалығын сақтау – күнделікті қолданыстағы сөздерді ана тілімізде дұрыс айтудан басталатынына мән бермей жүрміз. Үлкендердің де, өсіп келе жатқан ұрпақтың ішінде де тілді шұбарлап сөйлеуге әдеттенгендеріміз көп. Мен баршаңызды сауатты, таза, шұбарламай сөйлеуге шақырамын. Мысалы, мына сөздердің жап-жақсы қазақша нұсқасы бар және қандай әдемі естіледі:орысша «и» сөзі қазақша және, «еще» сөзі -тағы деген сияқты, «даже» - тіпті, «давай» - қанекей, немесе «сау бол, жарайды» тб. сөздер. Ал, достар, мен сендерден жауап күтемін. Тіліміздің мәртебесін көтеру сіз бен біздің қолымызда Тіліміздің қадір-қасиеті осылай артпай ма?.
Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағында көк мұздың,
Қасіретімді —қазақ тілін қанат қып,
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Көкірегінен атылса да оқ күздің,
Жаз етіп мен күздің өзін өткіздім.
Шаттығымды — қазақ тілін қанат қып
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Челлендж жалғасын табар ма екен?
4.Әлемді шарлаған вирустың себебінен білім беру саласы онлайнға көшкенін білесіздер. Балалардың білім алуын басты мақсат етіп алға қойған мектебіміздің ұстаздары күнделікті онлайн сабақтары мен бірге офлайн сабақтар өтіп жатыр. Сонымен бірге ұстаздарымыз видеосабақтар түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеуде. Біз өз тарапымыздан ұстаздар мен ата-аналарымыз артқан үмітті ақтап, білімнің биік шыңдарын бағындырайық, достар.
5.15 ақпан – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күн осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. Ауылымыздағы ауған соғысы ардагерлері мен оқушылар арасында зуум платформасы арқылы осы күні кездесу өтті. Кездесуді ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға мызғымас денсаулық тілеп, мектеп директоры Болымбекова Анар Омарқызы бастап берді.
Іс-шараға қатысушылар соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсысы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтып берді. 11 сынып оқушылары мен әскери-патриоттық тәрбие беруші ұстаз Есдәулетов Алтынбек құттықтау сөздер сөйлеп, ардагер ағаларға алғыс айтты.
6.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ақпейіл Үскенбаева мен Олжас Тұрманов және «Зерде» пәндері бірлестігі біріге отырып офлайн оқып жатқан оқушылар арасында ҚР мемлекетік рәміздерін білуге арналған интеллектуалды - танымдық насихаттау жұмыстары өткізілді. Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеуді мақсат тұтқан ұстаздар еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандарды оқушыларымыздың жатқа білетіндігіне риза болды. «Рәміздер - мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі» - деп жауап қатқан оқушыларға риза болып, алғыс айтты.
7.Білім алумен қатар сол алған білімді байқауларды сынап көру де бір ғанибет. Сапалы білім алып, сол білімдерін байқауларды сынап көріп жатқан достарымыз да аз емес. Мысалы: «Мәңгілікке туған өлке» байқауының облыстық кезеңінен 3 орын иеленген 11 сынып оқушысы Нагиева Нұрдана, пән мұғалімі Убайдуллаева Замира Нагиевна.
Президенттік пән олимпиадасынан да Нагиева Нұрдана 1 орынды иеленіп, пән мұғалімі Төребекова Меруерт апайдың еңбегін, үмітін ақтады.
Жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында өткен ақындар айтысының аудандық кезеңінде бас жүлде иеленіп, 9 «З» сынып оқушысы Балпанов Байбол облыстық ақындар айтысына қатысып, тәжірибе жинақтады. Байболға ақындық қаламың мұқалмасын дейміз.
8.Спортпен шұғылдану – денсаулық кепілі. 5 сынып оқушысы Бекбосын Рамазан дзюдо жапондық жауынгерлік өнерін шеберлігін меңгеруді мақсат тұтқан. Ол осы кездің өзінде дзюдо техникасын жақсы меңгеріп, өз қатарластары арасында облыстық кезеңдерден 1,2,3, орындарды иеленіп жүр. Рамазанның болашақта еліміздің атын бүкіл әлемге паш етеріне сенеміз. 1 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткен секіртпемен секіру байқауының облыстық кезеңінде Карл Әлихан мен Алмабек Айсезім 3 орынды иеленді. Споршыларымызға әрдайым сәттілік тілейміз.
Ассалаумағалейкум, ұстаздар қауымы!
Сәлеметсіздер ме, достар!
Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Біз де барлық оқушылар атынан ата-аналарымызға, ұстаздар қауымына шын жүректен алғыс білдіреміз. Сіздерге елімізді өркениетке жетелейтін, ұлтын ұлықтайтын ұлы тұлғалар тәрбиелеп өсіруде толағай табыстар тілейміз.
Енді мектебімізде болып жатқан маңызды жаңалықтармен таныс болыңыздар. Өткен тәулікте «COVID- 19» вирусы қалай белең алды екен? Хабармен таныстыратын 9 «В» Көбес Мейрамбек таныстырады.
Тіл мәртебесін көтеру туралы іс-шаралар ешқашан толастамайды. 9 «З» сынып оқушысы Балпанов Байболдың хабарымен таныс болыыңыздар.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған іс-шара туралы хабармен 9 «Д» сынып оқушысы Нажматдинова Назираны тыңдаймыз.
Тілшіміз Cерікова Ақжарқынның хабарына назар аударайық.
Тілші Тілепбергенова Арайлым ауған соғысы ардагерлерімен кездесуден хабар әкеліпті.
Мектеп жаңалықтары: 7- ні оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |