Белгілі тұлғалармен кездесу – өскелең ұрпақты қалыптастырудың маңызды құралы. Мұндай кездесулер сыныптық не болмаса жалпы мектептік болуы мүмкін. Кездесу «компьютерлік» мамандық өкілдерімен, компьютер қолданатын басқа маман иелерімен, сәйкес мамандық таңдаған мектеп түлектерімен ұйымдастырылуы мүмкін. Мұғалім кездесуді ашып, сөз сөйлеген кезде кездесуге шақырылған тұлға жайында қысқаш айтып өтіп, сөз соңында тыңдаушыларға рахмет айтуы тиіс.
Іскерлік ойындар – оқытудың белсенді әдісі. Мұндай ойындар ұйымдастырылған семинар негізінде де болуы мүмкін.
Іскерлік ойындардың негізгі белгілерін В.Я.Платов төмендегідей ұсынады:
объект моделінің болуы;
рөлдердің болуы;
шешімін табу барысында рөлдік мақсаттарды айыра білу;
ойыншылардың топтық, жеке әрекеттерін бағалаудың тармақталған жүйесі.
Іскерлік ойында оқушылар өзінің алыс жақын болашақтарын жоспарлайды, бірақ барлық әрекеттер ойындық құрылымға ие. Оған оқушылар ойнап отырып нақты қоғамдық істерді жоспарлайтын ұжымдық шығармашылық істер де жатқызылады.
Іскерлік ойындар оқушыларға қиындық тудырады, мұнды сюжеттік сызықтар, қарым қатынастың эмоционалдық фоны берілмеген. Оқушыларға ол үшін ерік жігер қалыптастырып, кеш бойына оларды қолдап отыру керек. Біріншіден, оқушыларға нақты, үлкендердің ісімен айналысқан қызықты. Екіншіден, жұмыс қызығушылығы бойынша құрылған шығармашылық топта ұйымдастырылуы керек. Үшіншіден, оқушылар өздерінің жұмыстарының нақты нәтижесін көруі керек: есепті шешу алгоритмі, кеш жоспары, т.б.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі іскерлік ойындар - сәтті бағыт. Мұндай ойындар өз әрекетін құруды үйретеді. Әсіресі іскерлік ойындар ішіндегі ең бағалысы оқушылар мен педагог, ата-аналармен бірігіп ойнайтын іскерлік ойындары. Іскерлік ойындар нақты бір жасқа арналып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп құруы тиіс. Іскерлік ойындардың сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын төрт типін атап көрсетуге болады:
кең ауқымды (бірнеше сынып) және жалғасымды (бірнеше айлар) іскерлік ойындар;
нақты ақпарат талдауына негізделген іскерлік ойындар;
сыныптың бәрі қатысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар;
үстелдік іскерлік ойындар.
Информатикадан диспут – сұрақтар мен жауаптар арасындағы ойын. Басында қиын сұрақтар қойылады. Диспутта маңыздысы материал жайындағы сұрақ. Бұл сұрақтар диспуттың алдына қойылған мақсаттары бойынша анықталады. Мұндай мақсаттар арасындағы ең маңыздысы өткен жылдағы информатикадан өткен материалдарды қайталауы. Оқушыларға алдын ала қай материалды қайталау керектігі айтылады, себебі оқушылар қайталаған материал бойынша анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді біліп, сол тақырыптар бойынша есептерді шеше алуы керек. Ең аз талап ол оқушылардың оқулықта көрсетілген материалдар бойынша нақты, толық, жақсы көрсеткіштегі білімі. Осы жағдайдан кейін ғана барып, оқушылардың оқу материалы бойынша шығармашылық жұмыстары қалыптасады. Диспутты параллель сыныптар арасында өткізген қолайлы. Информатикалық диспут оқушы білімінің кем тұстарын көрсетіп, мұғалім жұмысын ретке келтіреді. Диспутта маңыздысы қайталау сияқты маңызды педагогикалық жағдайлар. Сыныптар арасындағы диспуттар басқа информатикадан сыныптық қайталаудың ешбірі бере алмайтын нәтижені береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың ішінде оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмысы маңызды рөл атқарады. Мектептің алдында оқушылардың жалпы даму деңгейін, кейінгі білімге деген дайындық деңгейін, өз білімін жетілдіру деңгейін, кез-келген мамандық бойынша практикалық және шығармашылық деңгейін көтеру міндеті тұрады. Осы міндеттерді шешуде информатика пәнінің мұғаліміне оқушыларды тек қана білім қорымен қамтамасыз етіп қана қоймай, осы білімдерді алу жолдарын, жаңа білімді үйренуге деген ұмтылысы мен қабілетін де жетілдіруі қажет.
Информатикадан жаңа білімдер көздерінінің ішінде ең бірінші орында – оқулық тұрады. Оқушыларды информатиканың негізі мен оның қолдануымен таныстыратын әдебиеттерді екі топқа бөлуге болады: білімділік (тиімді оқулықтар, дидактикалық құралдар, есептер жинақтары, анықтамалықтар) және қосымша (ғылыми кітаптар мен мақалалар, олимпиада есептерін шешу жинақтары, энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, программалық материалдары бар кітаптар).
Информатиканы оқыту кезінде оқушылар негізгі оқулықты кеңінен қолданады, алайда информатикадан қосымша оқулықтарды көбісі қолдана бермейді, себебі бұл ұйымдастырылған түрде жүзеге аспайды. Информатикадан қосымша әдебиеттерді қолдану оқушылардың дамытушы және үйретуші білімдерін жетілдіріп, білім сапасын көтеріп қана қоймай, информатикаға деген тұрақты қызығушылығын тудырады.
Оқу материалдарымен жұмыс істеу тәжірибесі қосымша әдебиетпен сәтті жұмыс істеуге жеткіліксіз. Сондықтан оқушылардың информатикадан берілетін әдебиеттермен жұмыс істеу біліктілігі мен дағдысын мақсатқа бағыттап, жүйелі түрде дамыту керек. Бұл әрекетке мына жағдайлар әсер етеді:
оқылатын әдебиет бағыты оқушылардың танымдық қызығушылығымен толықтай сәйкес келуі;
информатиканы оқыту кезінде оқушылар мен мұғалімдердің қосымша әдебиеттерді қолдануын жүйелеу;
мұғалімнің оқушыларды әдебиетпен жұмыс істеудің жалпы әдістерін үйретудегі мақсатты бағытталған іс-әрекеті;
информатикадан қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді талап ететін арнайы тапсырмалардың қойылуы қосымша әдебиеттерді үнемі қолдану;
факультатив сабақтарда оның орындалуын бақылау;
оқушылардың өз бетінше жұмысының (соның ішінде информатикадан) тиімділігі кейбір психологиялық факторларға байланысты (баптау, қызығушылық, еріктік күш-жігер, өз бетінше жұмыс істеу, еңбек сүйгіштік және т.б.).
Информатикадан оқушылардың ғылыми әдебиеттермен тиімді жұмысын жасау біліктілігі мен дағыдысын анықтайтын негізгі компоненттер қатарына төмендегілер жатады:
мәтінді логикалық (құрылымдық) тұрғыда түсіну;
түсініп оқи білу;
бастысын айыра білу;
мәтінде берілген негізгі ойды өз ойымен жеткізе білу;
ақпаратты шығармашыл тұрғыдан өңдей білу;
тақырып бойынша жоспар құрып, конспект жасап, оның көшірмелерін дайындай білу;
Өзін-өзі жұмыс істете алу мен қиындықтар мен түсініспеушіліктен шығып кете алудағы ерік-жігерінің күштілігі. Осы шарттар қатарында оқушылардың кітаппен өз бетінше жұмысын ұйымдастырудағы информатика пәні мұғалімінің оқыту программасы кіріктірілген.
Жоғарыда келтірілген біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру мен дамыту үшін арнайы оқу сабақтарын қолданған жөн. Атап айтсақ:
информатикадан таңдалған әдебиетті оқи білу дағдысын құратын және дамытатын сабақтар;
алған білімдері бойынша қосымша әдебиеттерді оқу кезінде алған білімдері бойынша жаңа білімдер құра білу қабілетін арттыратын сабақтар;
жаңа білімдерін қолдана білу қабілетін арттыратын сабақтар. Мысалы, оқушыларға жаңа программалық құралды үйренгеннен кейін оны практикалық сабақтар қолдануын талап ету.
оқығандарын бір бүтін жүйеге келтіре білу қабілетін арттыруға арналған сабақтар. Мысалы, оқылған материал бойынша баяндама даярлау, берілген кітаптан бойынша реферат жазу, қандайда бір кесте (диаграмма, сызба) құру.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс түрі – мақалалар картотекасына карточкалар дайындау. Әр оқушы журнал алып, оны қарап шығады да, ұнаған материалын таңдап алады, содан барып аннатоция-карточкасын толтырады.
Жұмыстың бұл түрінің шеңберінде оқушылар ақпаратты мақсатты бағытталған түрде іздеуі мүмкін, ал онда ақпарат көлемі мүлде шектелмеген.