Бидайбеков Е


Инвариантты оқу жүктемесі



бет45/87
Дата15.01.2023
өлшемі1,9 Mb.
#165576
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   87
Байланысты:
treatise13514

Инвариантты оқу жүктемесі

32

32

64

2176




Вариативті компонент




Мектеп компоненті




Қолданбалы курстар

6

6

12

408




Оқушы компоненті




Таңдау курстары

1

1

2

68




Вариативті оқу жүктемесі

7

7

14

476




Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі

39

39

78

2652




5.3 12-жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Қазақстан жағдайында орта білім берудің неғұрлым оңтайлы, ыңғайлы және экономикалық жағынан тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады. Он екі жылдық орта білім беру үш сатыда іске асырылатын болады.


І-саты – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар. Оқу мерзімі – 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрету арқылы байытылатын болады.
ІІ-саты – негізгі білім беру, 5-10 сыныптар. Оқу мерзімі – 6 жыл.
ІІІ саты – орта білім беру. Бейіндік оқыту, 11-12 сыныптар. Оқу мерзімі – 2 жыл ...» деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша құзыреттілік тəсіліне негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын əзірлеу жəне енгізу жоспарлануда.
2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне дəйекті көшу мынадай сызба бойынша басталады:



Жылдар

Оқытудың 12 жылдық
бағдарламасы бойынша

Оқытудың 11 жылдық
бағдарламасы бойынша

2015 – 2016

1,5,11

2,3,4,6,7,8,9,11

2016 – 2017

1,2,5,6,11,12

3,4,7,8,9

2017 – 2018

1,2,3,5,6,7,11,12

4,8,9

2018 – 2019

1,2,3,4,5,6,7,8,11,12

9

2019 – 2020

1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12




11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сыныбына көшу 2015-2016 оқу жылынан 2019-2020 оқу жылына дейін жүзеге асырылады.


12-жылдық білім беруде «Информатика» пәні 3 кезеңмен оқытылады:

  • бастапқы курс (3-4 сыныптар) немесе (1-4 сыныптар);

  • негізгі курс (5-10 сыныптар);

  • бейіндік курс (11-12 сыныптар).

«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» талаптарына сәйкес 2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығында А.Е.Әбілқасымованың басшылығымен «12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны» жасалды [35].
Мектеп информатика курсының қалыптасуы мен дамуының, яғни оның стандартын жасауға оның информатиканы оқыту мазмұнын өзгермейтін іргелі негіздер жағына өзгертуге жылдамдап ұмтылуын анықтаудың сипатталған кезең-кезеңдік тәсілі, мектеп информатикасы бойынша осындай стандарттың бүкіл еліміздегі білім беру жүйесін іргелендіру және жаңаландыру флагманы қатарында бола алатындығына барлық мүмкіндіктері бар.
Мектептің білім беру жүйесінде «Информатика» пәні қоршаған ортаны талдаудың жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын оқытатын; ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-әрекеті аумағын дамытып және үнемі кеңейтіп отыратын ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.
Мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану үдерістері жайлы негізі білімін жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық үдерістердің, қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ы рөлінің мәні ашу.
Информатиканы оқыту мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • оқушыларда информатика саласының негізгі ұғымдары мен білімдерді қалыптастыру;

  • информатика саласында біліктіліктер мен құзырлылықтарды қалыптастыру;

  • ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет