Әбдісамат ӘБДІШ. КЕЙІНГІ КЕЗДЕРІ БАСШЫЛАРДЫҢ
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНА ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТТЫ.
СЕБЕБІ, КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА
ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРАТЫН
ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ТҮЙІНІ
ТАРҚАТЫЛЫП, ШЕШІМІН ТАБА БА-
СТАДЫ. ӘСІРЕСЕ, «НҰР ОТАН» ПАР-
ТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ
ТӨРАҒАСЫ, АУДАН ӘКІМІ РУСЛАН
РҮСТЕМОВТІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНА
КЕЛЕТІН ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАРДЫҢ
САНЫ АРТПАСА, КЕМІГЕН ЖОҚ. БҰЛ
ЖОЛҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ДЕ БІРҚАТАР
МӘСЕЛЕ ҚАРАЛЫП, ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАН-
ДАР ЖАҒДАЙДЫ ЗЕРТТЕП, ШЕШІЛУІН
Т АПСЫРДЫ.
ШЕШІЛМЕЙТІН МӘСЕЛЕ ЖОҚ
ҚОЛДАУЫН ТАПСА ЖЫЛДА ОСЫ
УАҚЫТТА СЫРДА-
РИЯДА СЕКУНДЫ-
НА 700-800 ТЕКШЕ
МЕТР СУ АҒАТЫН.
АЛ, БИЫЛҒЫ
СЫРДЫҢ ЕКПІНІ
ҚАТТЫ. ТІПТЕН,
КӨП ЖЫЛДАР-
ДАН БЕРІ МҰНДАЙ
ДЕҢГЕЙДЕ СУ
БОЛМАҒАН ЕДІ.
МҰНЫҢ СЫРЫН
БІЛМЕККЕ БІРАЗ
ЖАЙДЫ ЗЕРТТЕП,
ЗЕРДЕЛЕДІК.
Салтанатты шара мемлекеттік қызмет-
керлердің қызметіне адал болуға, халыққа са-
палы қызмет етуді мазмұндап ант берумен ба-
сталды. Мұндай құрметке М.Нәлібаев ауылдық
округінің әкімі Өмірбек Ильясов және Талап
ауылдық округінің бас маманы Әбдіғани Мах-
мутжанов ие болды.
Кәсіби мерекенің шымылдығын түрген ау-
дан әкімі Руслан Рүстемов:
– Ел Тәуелсіздігін алып, дамудың даңғыл жо-
лына Елбасының бастамасымен түскен сәттен
бастап, алдымыздағы төрт бірдей қасиетті де
қастерлі міндетті атқарып келеміз. Тәуелсіз
мемлекеттің іргетасын қалау, нарықтық эконо-
миканы қалыптастыру, әлеуметтік негізделген
мемлекеттің негізін қалау және қоғамдық сая-
си сананы жаңғырту. Осы төрт қасиетті міндетті
атқаруда мемлекеттік қызметшілердің еңбегі
зор.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілерге
үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Яғни, лауазым-
ды тұлғалардан терең білімділік пен іскерлікті
ғана емес, тыңғылықты жауапкершілікті та-
лап етеді. Сондықтан, адам құндылығына
қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ,
өз тағдырын сеніп тапсырып, Сіздердің кәсіби
шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізге сенім
артқан жандардың көңілінен шығу қашанда
қиын. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне
қол созған кезде елді өркендету жолында
еселі еңбек етіп жатқандарыңызға шынайы
ризашылығымды білдіргім келеді, – деді. Әрі ау-
дан басшысы ант қабылдаған қызметкерлердің
жұмыстарына сәттілік тілеп, қызметтерін абы-
роймен атқаруына сенім білдірді.
Одан әрі ауданның үздік мемлекеттік
қызметшілері марапат биігінен көрінді. Атқарған
еселі еңбектеріне орай облыс және аудан
әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Шара
соңы, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының
концерттік бағдарламасына ұласты.
– Қандай салада болмасын істің маманы өзіне
артқан жүкті жауапкершілікпен атқарар болса
бұл ел сенімінен шыға алғандық. Мемлекеттің
өркендеуіне қосқан үлесі. Сондықтан, бүгінгі
кәсіби мерекемен әріптестерімді құттықтай
отыр ып, арнайы марапат білдіріп жатқан ау-
дан басшылығына алғысым шексіз. Бұдан әрі ел
мүддесінен шығу жолында аянбай еңбек етуге
дайынбыз, – деді марапат иесі Бақыт Жексен-
баев.
Айта кететіні, бүгінде мемлкеттік салада ау-
дан бойынша 229 қызметкер ел игілігіне қызмет
етіп келеді. Орташа жас 41 екен. Мұны аудан
әкімі тілге тиек етті. Осылайша, халық артқан
сенімді абыроймен атқарып жүрген атқарушы
биліктің дәстүрлі мерекесі тағы да бір жылды
артта қалдырды.