Биыл ауа-райы ылғалды болып тұр. Соның салдарынан өзеннің су деңгейі түсе қойған жоқ



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата12.09.2022
өлшемі6,99 Mb.
#149218
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
2c4bf94106f2d0d84a7a9ffb94f828a2

25 маусым, 2016 жыл
2
– 2003 жылы «соқырішек» ауруына шалдығып, төсек 
тартып қалдым. Содан аудандық аурухананың бас дәрігері 
Сәулебек Ысқақов дереу ота жасады, ауруымнан бірден 
айығып кеттім. Бұл сәт менің өміріме жаңа серпіліс берді. 
Міне, сол күннен бастап, өскенде «дәрігер боламын» деген 
арманды мұрат тұттым. Бүгінде, бала күнгі мақсатым орын
-
далып, дертіне дауа іздеген жанға көмек қолымды созып 
келемін, – деді жас маман Ерболат Қалдыбайұлы.
Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан 
мемлекеттік медицина университетін бес жыл оқып, кейіннен 
екі жыл «жалпылама тәжірбие» бағыты бойынша білімін 
шыңдады. Оқуды бітіре сала туған жерге табан тіреп, алған 
білімін, үйренген тәжірибесін қызметтік мансабында қолданып 
келеді. Жас та болса, бас болып жүрген оның ісіне жергілікті 
халық та дән риза. Иә, «халықтың ұлы» атану кімнің де бол
-
са арманы. Бүгінде, бір ұлға тәлім-тәрбие беріп отырған
Ерболат ұрпағының бойына адалдықты, адамдықты сіңіруге 
баса көңіл бөледі екен. 
Мұндай асқақ арманды азаматтың науқастарға салғырт 
қарауы да мүмкін емес. Жаз айларында балалардың іш өтуі, 
температураның жоғарылап кетуі және басқа да ауру түрлері 
көп кездеседі. Сол себепті, түн ұйқысын төрт бөліп, таңды 
таңға жалғап, күнді күнге, түнді түнге теңеп, қызмет көрсету 
дәрігерлер үшін үлкен абырой. Тек Өзгент ауылы ғана емес, 
Ақсуат және М.Нәлібаев ауылдық округіндегі тұрғындарды 
қабылдайтын емхана күндіз-түні халық игілігінде. 36 
қызметкер жұмыс жасайтын емхана дәрігерлері алдына кел
-
ген науқастарға ауру белгілеріне орай хирург, онколог және 
психиатр секілді білікті мамандарға баруға жол сілтейді. 
Әрі жеңіл жарақат алғандарға дер кезінде көмек береді. 
Бұл күнделікті Е.Қалдыбайұлы мен сала мамандарының 
жұмысының бір көрінісі.
– Жалпы, науқастардың көбі жастар мен егде тартқан 
жандар. «Жасырғанның ауруы асқынады» демекші, кейбір 
жандар өз беттерінше ем-дом қабылдайды. Одан кейін 
күтінбейді, содан жарақаты асқынып кетіп жатады. Мұндай 
жағдайлар аз кездеспейді. Сондықтан, алдыма келген әрбір 
науқасты жылы сөзіммен жігерлендіріп, науқасынан айығуға 
күш саламын, – деді Е.Қаратаев.
ТҮЙІН.
Шындығында әр саланың өз ауыртпалығы бо
-
лады. Ал, медицина саласының орны бөлек. Сондықтан, 
үлкен жауапкершілікті, қажыр мен қайраттылықты талап 
ететін мамандық түрін таңдап, тер төгіп жүрген Ерболат 
Қалдыбайұлының қызметіне сәттілік тіледік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет