Биыл ауа-райы ылғалды болып тұр. Соның салдарынан өзеннің су деңгейі түсе қойған жоқ



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата12.09.2022
өлшемі6,99 Mb.
#149218
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
2c4bf94106f2d0d84a7a9ffb94f828a2

Әлібек ТЕМІРБЕК.
Жаңа туған сәбиден бастап қартайған қарттың түнде ты
-
ныш ұйықтауына алаңдайтын денсаулық сақшыларының жемісті 
жұмысының нәтижесінде аудан тұрғындарының денсаулық 
көрсеткіші едәуір жақсарды. Тек, өңірде ғана емес, респу
-
блика бойынша емдеу мекемелерінің жұмысы жылдан-жылға 
жоғары деңгейге өсуде. Бұған ауруханалардағы білікті маман
-
дар мен мекеменің заманауи медициналық қондырғылармен 
толығуы бірден-бір себеп. Медицина саласындағы жасалып 
жатқан реформаның қай-қайсысы болмасын дәрігерлердің 
әлеуметтік хал-ахуалының жақсаруына ықпал етуде. Осы 
тұста саланың серпінді дамуына өзінің іскерлік, талапшыл 
қабілетімен ел ықыласына бөленіп жүрген абзал жанның бірі –
Зәуреш Тлепбаева. Ол бүгінде аудандық орталық аурухана бас 
дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары. Талай сырқаттың 
сауығуына себепші болған білікті дәрігер өзінің еңбек жолын кент 
орталығындағы ДЭСУ-462 мекемесінде оператор, жұмысшы бо
-
лып бастаған. Одан әрі арман қуып, Алматы қаласындағы меди
-
цина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша тәмамдайды. 
Соңыра, облыстық аурухананың терапия бөлімінде интер
-
натурадан өтеді. 1993 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін 
әр жылдары аудандық ауруханада аймақтық терапевт, 
«Асель» жанұялық дәрігерлік емханасында аға дәрігер, 
ұйымдастыру әдістеме бөлімінің меңгерушісі, аудандық 
емхана бас дәрігері, аудандық аурухананың те
-
рапия бөлімінің меңгерушісі қызметін 
абыройлы атқарып, халықтың 
алғаусыз 
алғысын 
арқалауда. 
Осылайша, ысылып, майталман маманға айналды. Өз ісінің үздігі 
ғана емес, ұйымдастырушылық қабілетімен айрықша көзге түсті. 
Зәуреш Абдраймқызы жайлы әріптестері «бүгінгі заманның жаңа 
технологияларын меңгерген сала үздігі» деген баға беріп отыр. 
Әрине, емдеу ісімен қатар, жаңа талаптарға сай, білімділігін 
арттыру бүгінгі күн талабы. Бұл бағытта да З.Тлепбаева түрлі 
оқыту семинарлары мен курстарда біліктілігін арттырған. Елдегі 
маңдайалды медициналық университет базасы жанындағы 
тәжірибе алмасу басқосуларына қатысып, тың тәсілді ауданның 
денсаулық саласында ұтымды өндіріске енгізуде.
Халық саулығына еткен еңбегі еленіп, бірнеше мәрте денсаулық 
сақтау басқармасының, облыс, аудан әкімінің «Алғыс хатына» 
және «Астанаға 10 жыл» мерекелік төсбелгімен марапаттал
-
ды. «Қос тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» демекші, 
жақында ғана медицина қызметкерлері күні қарсаңында Зәуреш 
Абдраймқызы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің 
үздігі» төсбелгісіне ие болды. Оны облыс басшысының қолынан 
алды.
– Ұлт саулығы – мемлекет байлығы. Қазақта «Тәні саудың–
жаны сау» деген аталы сөз бар. Сондықтан, бүгінгі таңда аурудың 
алдын алу біз үшін өте өзекті болып табылады. Келешек ұрпақтың 
баянды болашағының кепілі болып табылатын денсаулық 
мәселесін жетілдіру – біздің дәрігерлік борыш. Біз халықтың бізге 
деген сенімі артатындай, қажетті кәсіби көмек алатындай халыққа 
қызмет көрсетсек, одан артық абырой жоқ, – деді дәрігер. 
Иә, жас пен кәріге көмек қолын созып, жанына дауа, дертіне 
шипа боларлық ем жасауға қашанда даяр тұратын ақ халатты аб
-
зал жандар ел үшін еңбек етіп, халықтың алғысын арқалап жүргені 
белгілі. Солардың қатарында білікті дәрігер, аяулы жар, ардақты 
ана Зәуреш Тлепбаеваның орны ерек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет