– Сіз оқырман ретінде жиі қолға алатын
қазақша газеттер көп пе?
– Әрине, ең бірінші «Жаңақорған тынысы»
газетін қолға аламын. Сосын «Сыр бойы», «Егемен
Қазақстан», «Айқын», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті»,
«Түркістан» газетіне көз жүгіртіп, ықыласпен оқып
отырамын.
– Сіз жоғары бағалайтын журналист кім?
Неге үздік деп бағалайсыз?
– Қазақ журналистикасының негізін қалас-
қан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Қошмұхамет Кемеңгеров, Мұстафа Шоқайды
шоқтығы биік тұлғалар ретінде мойындаймын. Ал,
Мырқы Исаев, Адырбек Сопбеков, Айдархан Биба-
саров, Кәкімжан Қозыбаев және Қалжан Исмай-
лов, Сағатхан Әшімханов, Сейсен Мұхтарұлы, Фай-
зулла Сахиев, Жұмабай Әбілов, Жолтай Әлмашты
нағыз журналистер ретінде танимын. Бүгінгі буын
өкілдерінен Нұртілеу Иманғали, Нұртөре Жүсіп,
Баян Үсейінова және т.б. журналистер ретінде
бағалаймын. Негізі журналист ұлт үшін керекті
өнімдерді беруі қажет қой. Ал, жоғарыда атаған
журналистерде осы қасиеттер бар.
– Электронды БАҚ берер бағаңыз?
– Мойындау керек, даму жолына түскен сала
электронды БАҚ. Қазіргі кезде электронды БАҚ те-
леарнамен бәсекелесетін жағдайға келді. Содан бо-
лар, дәстүрлі басылымдар интернет ресурсындағы
сайттарын ашуда.
– Дәстүрлі басылымның орнын электрон
-
ды БАҚ басады дегенге сенесіз бе?
– Олай болмайтыны ақиқат. Өйткені, екі ақпарат
құралының да идеясы бір болғанымен, оқырманға
берер әсері әр түрлі.
– Соңғы сұрақ, мықты журналист болу
үшін не керек?
– Бірінші, табиғи дарын керек. Екіншісі, көп
іздену қажет. Үшіншісі, еңбекқор болуы тиіс. Осы
үшеуінің бірі болмаса қастерлі мамандықта кемел-
денген қаламгер болып қалыптасу қиын.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
Ханзада ДОШАН.
Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай «газет –
халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Иә, күндегідей материал дай-
ындап, ары-бері шапқылап жүргенде маусым айының соңында
келетін кәсіби мерекені де аңғармай қалыппыз. Төл мерекені
журналист атаулы қарбалас тірлікпен тойлап жатқаны анық.
Жалпы, журналистика саласында көпке үлгі боларлықтай
ерен еңбегім болмағанымен, осы салаға аяқ басқан сәттен көп
жайтты таразылап, байыбына барып үлгердім.
Тілшілік қызметті әркім әр түрлі түсінеді, өзінше пайымдай-
ды. Мысалы, Адриан Декусель журналист – «өз газетінде са-
раланатын жазушы» десе, Тадуеш Бреза «жазу қиын, бірақ
мүлдем жазбау одан да қиынырақ болады» деген. Ал, менің
ойымша журналист – уақытпен санаспай, қаламның қуаты мен
ой ұшқырлығына сеніп, адалдықты ақ ту етіп қызмет ететін
тұлға. Әрине, журналист тек жазатын адам емес, журналист деп
– қаламмен де , микрафонмен де жұмыс жасай білетін, табиғи
дарыны мен қабілеті бар ізденімпаз жанды тануға болады. Иә,
осындай тұлғаға артылар ең бірінші жүк – қасиетті сөз өнерін
меңгеру. Әркім өз бетінше параққа сияның сызбасын түсіре алуы
мүмкін бірақ, журналист секілді оқырманға ой тастап, мақала
мәтінін байланыстыра алмауы мүмкін. Сол сияқты, күнделікті
өмірде шешендіктен сөз бермейтін жандар да жан-жағынан
қоршаған камера мен көзі қырағы халықтың алдында бой түзеп,
журналистше көсіле алмауы мүмкін. Тілші атаулының басқадан
артықшылық қызметі де осы болса керек.
Қызығы мен шыжығы мол осындай даңғыл жолда мен Қаныбек
ағайдың қаламынан туған туындыны үлгі тұттым. Осы салада ең
алғаш жүректен шыққан ақылын айтып, қол ұшындағы көмегін
созып, алға жетелеген жанашыр да сол еді. Оның журналист
ретіндегі озық ойлары мен тың идеялары, мақаласының мәйегі
мен тақырып тапқыштығы, мән-жайды тұспалдап беру үлгісі де
көпке үлгі. Азаматтық артық қасиетін айтпағанда, бір басында
адамгершіліктің ауылы жайлаған арда азамат әлі күнге бәрімізге
қамқорлығын танытып, шынайылық бет-бейненің шамшырағын
жағып келеді. Міне, осындай еселі еңбегінің арқасында оның ар-
тында өшпестей ізі, мен сияқты қаламдас жүздеген шәкірті бар.
Осы орайда жасампаз журналист, бас редактордың үнемі ай-
татын мына сөзі еске оралды. «Газетке жазған мақала – тасқа
қашалған таңбамен бірдей. Тас бетіне еңбекпен, күш жұмсаумен
жазылған жазу өшпейтіні секілді, журналисттің де газет бетіне
жазып, қалдырған ізі, қылқаламының сиясы айлар мен жылдар,
ғасырлар өтсе де өшпейді.
Иә, осы зерделі сөзді негізге алсақ, Қаныбек Шәрібекұлының
кейінгі толқынға қалдырған мол мұрасы, мағыналы мақаласы
жылдан-жылға жаңғырып, оқырман оқыған сайын жарқырай
түсетіні хаһ. Тілші – тынымсыз тіршілік иесі. Билік пен бұқараны
байланыстыратын алтын көпір де тілшілер. Сондықтан, құрметті
көзі қырағы, ойы озық ойлы оқырман! Жазу үшін тақырып ау-
анына бойлап, сол әлемнің ішіне еркін сүңгіп, қаламымен
жүзіп, қайта шығатын тынымсыз тілшілердің тынысын тани
жүріңіздер...
Достарыңызбен бөлісу: |