Арман.
Азамат
МАРАПАТ
МАҢДАЙ ТЕРМЕН КЕЛЕДІ
Аурухана.
Бала кезінен ана мен баланың бір-біріне деген мейірімі
мен махаббатына тәнті болып, сүйсінген нәзікжанды
жастайынан акушер-гинеколог болуды армандаған. Сол
күндегі қиял қуған асқақ арман жылдар өте ақиқатқа айна
-
лып, ол бүгінде білдей бір аудан аналары сенім артқан бас
акушер-гинеколог болып танылды.
2009 жылдан бастап аудандық емханада аймақтық ги
-
неколог, бас маман – гинеколог, кезекші акушер сынды са
-
лада қызмет еткен ақ халатты бүгінге дейін 200-ге жуық
шарананың кіндігін кесіп, өмірге дені сау болып келуіне
жол ашты.
Абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында ардақты
жанның кабинетіне арнайы аяқ басып, маман ретіндегі
көзқарасын сұрағанда:
– Өз мамандығымды сүйемін. Әрбір пәк сәби мен
әйелдің қуанышына жол ашсам, маған одан артық бақыт
жоқ. Әрине, адам тағдыры ең бірінші Алланың қолында
болса, екінші дәрігердің жасаған көмегіне байланы
-
сты. Бірақ, кей кездері біздің қолдан келер көмек болмай
қалатын сын сағаттар да болады. Негізгі себеп халықтың
санасында тек бала туу деген ұғым бар, бірақ отбасын жо
-
спарлау деген ой жоқ. Бала сүюге дайын болу үшін ең ал
-
дымен, ананың денсаулығы, оны асырайтындай әлеуметтік
жағдайы жақсы деңгейде болуы тиіс. Сонда ғана дені
сау бала туылып, ана ахуалы қалыпты болады. Міне, осы
мәселені оңтайлы шешіп, аналарды ақпарттандыру үшін
емханадан арнайы «отбасын жоспарлау» кабинеті ашыл
-
ды. Мұнда келген әрбір ерлі-зайыптыларды толық тексе
-
руден өткізіп, денсаулығына сай бағыт-бағдар көрсетеміз
және жоспарланбаған жүктіліктен сақтаймыз, – дейді бала
жанының арашасы.
Жайдарлы жүзі мен аялы алақанынан жан жы
-
луы сезілген Г.Тұрғанбекованың айтуынша, науқас үшін
дәрігерден көрсетілер көмек 10 пайыз ғана. Ал, 18 пайыз
тікелей генетикаға байланысты болса, 80 пайыз әйелдердіің
денсаулығы мен рухани мықтылығында екен. Демек, өмірге
ауруы жоқ, дені сау ұрпақ сыйлаймын деген нәзікжанды
ең бірінші өз денсаулығына алаңдаған жөн. Себебі, балаға
берілер қасиет те, ауру да, шипа да ананың ақ сүтінен.
1984 жылы Бесарық аулында өмірге келген кейіпкер
Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы медицина
университетін 2008 жылы акушер-гинеколог мамандығымен
аяқтап, туған жер үшін қызмет етуді жөн көрген. Жас
болса да, бас дәрігердің бірі атанған ол, бүгінгі таңда әр
аймақтағы акушерлерді қоспағанда, төрт гинекологтың
басшысы.
P.S:
Иә, өмір жолында іңгәлаған сәби мен әйел бақытын
сезінген ана қуанышы үшін қызмет етіп жүрген абзал жан
«жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға ауру
қосады» деген тәмсілмен толық келіседі. Адам жанының
арашасы болу – анамның алдындағы азаматтық парызым
деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |