Білектей арқасында өрген бұрым (Абай лирикаларындағы қазақ аруы) Мақсаты



Дата14.02.2020
өлшемі97 Kb.
#58059
Байланысты:
Білектей арқасында өрген бұрым

Білектей арқасында өрген бұрым...

(Абай лирикаларындағы қазақ аруы)


Мақсаты: - Абай шығармаларындағы қазақ аруы бейнесін, ғашықтық сырлары мен махаббатқа толы жырларын ұғындыру.

- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;

- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;


Білектей арқасында өрген бұрым (видеоролик)
1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

                       Жырымен жан сусынын қандырған кім?

                       Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

                       Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?

                       Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

                       Талабын тас қияға өрлеткен кім?

                       Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

                       Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?



2-жүргізуші: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

                       Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

                       Арманын атандырып келешекке ,

                       Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

                       Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

                       Жауына найза сөзін шанышқан кім?

                       Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

                       Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?



1-жүргізуші:

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бас ақыны, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “Білектей арқасында өрген бұрым... (Абай лирикаларындағы қазақ аруы) ”атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Би (Қазақша би). 21Р тобы
1-жүргізуші:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,



Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

2-жүргізуші: Абай бұл өлеңінде сұлу қыздың сыртқы бейнесін суреттеп, халық ұғымындағы қыз сұлулығының негізгі белгілерін тізбектеп келіп, жас арудың жалпы жұртты тәнті қылатын бет әлпетін кескіндейді, сыртқы сымбатын сипаттайды. Көрмеген көзге де айқын елестейтін бедерлі бейнесін жасайды.

1-жүргізуші: Мұны, бір жағынан, халықтың ұғымында қалыптасқан әйел сұлулығының шарты деп қабылдасақ, екінші жағынан, арманды әйел ажары жөніндегі автордың өз қалауы, өз талғамы деп те бағалауға болады. Ондай сұлулықтың қалыптасқан белгілері: қолаң шаш, ақ тамақ, қара қас, аялы мөлдір көз, маржандай тіс, бураң бел. Осындай керікке бастағы кәмшат бөрік пен бұрымындағы сылдыраған шолпысы да жарастық тауып, қыз бағын асыра түскендей.

Білектей арқасында өрген бұрым (Айбек, 11 бш).

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Аласы аз қара көзі айнадайын,

Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,

Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,

Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,

Болады осындай қыз некен-саяқ.

Піскен алма секілді тәтті қызды

Боламын да тұрамын көргендей-ақ.
Егерде қолың тисе білегіне,

Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.

Бетіңді таяп барсаң тамағына,

Шымырлап бу енеді сүйегіңе
1-жүргізуші: 1875 жылы отыз жасқа енді ілінген Абай Мұқыр болысына болыстық қызметке тағайындалған еді. Екінші әйелі Әйгерімді сол қарсаңда кездестіріпті. Абай досы Ербол екеуі Ақшоқыдан 25 шақырымдай жердегі Орда тауының бөктерін қыстайтын руы мамай Бекей деген адамның аулына келіп қонады.

2-жүргізуші: Отыз жастағы жігіт Абай табиғи әдемі дауысы бар, «кең маңдайлы, нұр жайнаған қара көзді» Бекейдің сұлу қызына «бой ұрмай тұра алмайды». Үйіне келгеннен кейін де гүл жайнаған сол қыз көз алдынан кетпей қояды. Алғашқы махаббаты Тоғжанды есіне салады. Қызды қол жетпес ғашығы Тоғжанға ұқсатып өлең жазады, бұл өлең жолдарын Абай кіші жары Әйгерімге арнайды.

1-жүргізуші: Иә, ақын осы өлеңінде сұлулыққа, жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке деген өз талғамын алға тарта отырып, ауыл жастары арасынан сұлулық үлгісін іздейді. Сондықтан «Аласы аз қара көзі нұр жайнап», жанарынан жалын ұшқындаған, шат көңілді, көлденең көк аттыға есесін жібере қоймайтын ерікті, әдемі ару бейнесін жырға қосады.

2-жүргізуші: Сөйлесе не болмаса күлсе көрінетін маржандай кіршіксіз аппақ тісі іш қайнатады. Құлаққа естілген риясыз сыңғыр қаққан жарқын күлкісі «бұлбұл құс» сайрағандай естіліп, адам жанын баурайды, жүректі лүпілдетеді.


  1. Қақтаған ақ күмістей ақ маңдайлы (Шынар, 12 ш тобы)

  2. Қақтаған ақ күмістей ақ маңдайлы (Тұнық, 12 бш тобы)

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,

Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,

Сықылды қолмен тізген, қайнайды.

Сөйлесе, сөзі әдепті, әм мағыналы,

Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.

Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойыны бар,

Үлбіреген тамағын күн шалмайды.

Тақтадай жауырыны бар, иығы тік,

Екі алма кеудесінде қисаймайды.

Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,

Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.

Етіндей жас баланың білегі бар,

Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.

Қолаң қара шашы бар жібек талды

Торғындай толқын ұрып көз таңдайды.

Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?

Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.

Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң,

Алмасы өкпе болар қол батпаған.

Бұлардың кейбірінің мінездері -

Еш нәрсе көмегенсіп бұртақтаған.

Кейбірі жайдары, ашық боламын деп,

Орынсыз адамдармен жыртақтаған.

Әуелде сұлу жайы бізге мәлім,

Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған.

Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай,

Бойына майдалықпен сыр сақтаған.

Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай,

Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған.

Орынды іске жүріп, ой таппаған.
Ән. Желсіз түнде жарық ай. Орындайтын Кулебай Айгерім 12 бш тобы.
1-жүргізуші: Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағынада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ.

2-жүргізуші: Абай өлеңдерінде махаббатты кез келген пенде түсіне бермейтін, жұмбақ, тылсым дүние ретінде сипаттап, ғашықтық сезімінің терең сырына ой жүгіртеді. Жастардың бірін-бірі сүйіп, ұнатуы - олардың өз ісі, оған илансаң да, күлсең де - мейлің дейді. 


  1. Ғашықтың тілі – тілсіз тіл (Аяжан 21б).

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,

Көзбен көр де ішпен біл.

Сүйісер жастар қате етпес,

Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы

Қаріпсіз біліп сондайды.

Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,

Енді ішіме қонбайды.

  1. Ғашықтық құмарлық пен ол екі жол (Абикен Айдана, 12бш).

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Көңілімнің рақаты сен болған соң,

Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.

Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді,

Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!
Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,

Жүдетер безгек ауру сықылданып.

Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе,

Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып.

  1. Жарқ етпес қара көңлім не қылса да (Гүлдана, 11бш).

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да,

Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,

Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,

Шыдайды риза болып жар ісіне,

Қорлық пен мазағына табынса да.
1-жүргізуші: Абайдың күйі «Май түні». Орындайтын Гүлнар Жанатовна
1-жүргізуші:

«Айттым сәлем, Қаламқас,

Саған құрбан мал мен бас...» деп басталатын Абайдың әйгілі әнін білмейтін қазақ кем де кем. Алайда, тыңдарманы қалың, үлкен сахналардан бастап ауыл арасындағы жиын-тойларда, көңілді кештерде шырқалып, бүгінге дейін ел ішінде сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, қазақ деймін-ау, тіпті, өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс.

2-жүргізуші: Бұл әннің мәтініне мән берсек, Абайдың әйел затының әйдігі, хор қызындай сұлуға соншалық ынтық болғанын анық аңғарамыз. Сонда «Ұлы ақынның жүрегін жаулаған, тұла бойын оттай күйдірген Қаламқас ару кім болды екен?» деген сауалдың құлақты қылтитатыны заңдылық.

1-жүргізуші: Бұл әнді «Абай жолынан» есімі елге таныс Сүйіндіктің қызы Абайдың ғашығы Тоғжанға арналды деседі.
Айттым, сәлем, Қаламқас (Анель, Захан Мадина 21 р)

Саған құрбан мал мен бас.

Сағынғаннан сені ойлап,

Келер көзге ыстық жас.

Сенен артық жан тумас,

Туса туар — артылмас.

Бір өзіңнен басқаға

Ынтықтығым айтылмас.

Асыл адам айнымас,

Бір бетінен қайрылмас.

Көрмесем де, көрсем де,

Көңлім сенен айрылмас.

Көзім жатқа қарамас,

Жат та маған жарамас.

Тар төсекте төсіңді

Иiскер ме едім жалаңаш?

Иығымда сіздің шаш,

Айқаласып тай-талас,

Ләззет алсақ болмай ма,

Көз жұмулы, көңіл мас?

Сізде сымбат, бізде ыхлас,

Осы сөзім бәрі рас.

Сіздей жардың жалғанда

Қызығына жан тоймас.

Етің, етке тигенде,

Демің, тиіп сүйгенде,

Тән шымырлап, бой ерiп,

Ішім оттай күйгенде.

Жүрек балқып игенде,

Ішкі сырды түйгенде,

Іздеп табар сұңқармын,

Жарастықты шүйгенде.

Қылығыңда жоқ оғат,

Қарап тойман жүз қабат,

Ыстық тартып барасың

Бір сағаттан бір сағат.

Сіз — қырғауыл жез қанат,

Аш бетіңді, бер қарат,

Жақындай бер жуықтап,

Тамағыңнан аймалат!
Ән. Көзімнің қарасы. Орындайтын Әдиханова Маржан 21р тобы

Көзімнің, ќарасы,

Көңілімнің санасы.

Бітпейді ішімде

Ғашыќтың жарасы.

Ќазаќтың данасы,

Жасы үлкен ағасы

Бар демес сендей бір

Адамның баласы.

Жылайын, жырлайын

Ағызып көз майын

Айтуға келгенде

Ќалќама сөз дайын.

Жүректен ќозғайын,

Әдептен озбайын,

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын?

Тереңдеп ќарайсың.

Телміріп тұрмайсың.

Бихабар жүргенсіп,

Бек ќатты сынайсың.

Сен кісі мұңайсын,

Сабырмен шыдайсың,

Күйемін, жанамын,

Еш рахым ќылмайсың.

Кең маңдай, ќалың шаш

Я бір кез, я ќұлаш.

Аќ тамаќ, ќызыл жүз

Ќарағым, бетіңді аш!

Ќара көз, имек ќас,

Ќараса жан тоймас.

Аузың бал ќызыл гүл,

Аќ тісің кір шалмас.

Ќыр мұрын, ќыпша бел.

Солќылдар, соќса жел

Аќ етің үлбіреп

Өзгеше біткен гүл.
1-жүргізуші: Абай – қазақ поэзиясындағы ғашықтық жырлардың да ең озық үлгісін жасап кеткен ақын.  Абай өлеңдеріндегі адамның сырт құбылысының өзінен-ақ сезім толқындары тулап көрініп тұрады. Бұл арада ақын да ауыз әдебиетінің үлгісінде жалаңсылдырата бермей, адам жанының нәзік иірімдеріне тереңірек барып, өзгеше бір суреткерлік мәдениет танытады.

2-жүргізуші: Бұл тұста Абай ұлы ақындардан үлгі, өрнек алып, соны өзінше құбылтып, өзгеше жағдайда жұмсап және өз оқушысына ұғымды, қонымды етіп бере білді. Ендігі қыз да, жігітте алғашқыдай құрсыртқы портрет, жалаң сурет емес, кәдімгі адам. Оларға енді ақын жан бітірген. Оларда енді қимыл, әрекет бар, сөйлейді, сыр шертеді. Енді біз олардың сыртын керіп қана құр таңырқамаймыз, ішкі психолиялық жайларын бірге аңғарамыз. 
Қор болды, жаным (Қошан Аяжан 21Б)

Қор болды жаным,

Сенсіз де менің күнім,

Бек бітті халім,

Тағдырдан келген зұлым.

Тағдыр етсе алла,

Не көрмейді пәндә?

Сайрай бер, тілім,

Сарғайған соң бұл дерттен.

Бүгілді белім,

Жар тайған соң әр серттен.

Қамырықты көңіл,

Қайтсе болар жеңіл?

Сағындым сені,

Көрмедім деп көп заман.

Адам деп мені,

Салмадың сен хат маған.

Жай таба алмай жүрек,

Жасыған соң сүйек.

Бұл қылған зарым

Барса жардың маңына,

Ол — қылған дәрім

Ғашығымның жанына,

Оңалдырып ойды,

Түзетпей ме бойды?
Жүрегім, нені сезесің? (Диляра, Ұлдана 21 р).

Жүрегім, нені сезесің,

Сенен басқа жан жоқ па?

Дүниені, көңілім, кезесің,

Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!

Сезгеніңді сездіріп,

Жете алмадың ортаққа.

Тірі жаннан бездіріп,

Апарасың қай жаққа?

Ортақтық, тыныштық достық, қой,

Оның қадірін кім білер?

Әркімге-ақ тілеу қостық қой,

Бәрі алдамшы саудагер.

Халықтың аты керек қой,

Я мақтауға, боқтауға.

Құбылға бәрі зерек қой,

Бәрі жайсыз тоқтауға.

Досты қайдан табарсың,

Кеңесерге адам жоқ.

Әрлі-берлі табарсың,

Жалғыздықтан жаман жоқ.

Ақыл айтсаң біреуге,

Ішің еріп, егіліп,

Ұялмас ақы тілеуге,

Бермесең қалар түңіліп.

Ақы беріп тыңдатқан

Сөз көкейге қонар ма?

Құлағын сатқан тәңірі атқан

Оңдырар ма, оңар ма?

Күйесің, жүрек, күйесің,

Күйгеніңнен не пайда?

Дүниеде нені сүйесің

Өмір қайда, дос қайда?
1-жүргізуші: Махаббат жырларының ішіндегі Абайдың Ұлылығын, асқан талантын танытқан Пушкиннен аударған «Евгений Онегиннің» үзінділері. Мұнда Абай жай аудармашы емес. Алдымен, өлеңмен жазылған ұзақ романның өз ақындық мұратына керек жерін ғана тандап алады.

2-жүргізуші: Пушкин - Абайдың үлгілі ұстазы. Бірақ, оның «Тәңірі қосқан жар едің сен...»«Таңғажайып бұл қалай хат...»,«Амал жоқ қайттым білдірмей...»,«Хуп білемін, сізге жақпас...» сияқты роман үзінділерін аударған уақытта тек Пушкиннің ғана ықпалында, мәнер-машығында, өлең шеңберінде қалып, буынын санап отырмайды. Өзінше жырлап, Пушкин арнасынан шығып кетіп отырады. Тақырыпты Пушкинмен қатарласа, жарыса баяндайды. Соның нәтижесінде Абай бұл аудармасын өз өлеңдерінің нұсқасындай, өз оқырмандарының тұсінігіне лайықтап шығарған.

1-жүргізуші: Осы арқылы қазақ қыздарына Пушкиннің Татьянасын үлгі етіп ұсынып, тoзығы жеткен феодал қоғамдағы әйелді әлсіз, кем тұтар кеселді көзқарасқа біржола үкім айтып, ескіліктің торын бұзып, орнын талқаңдайды. Екінші жағынан, қазақ жігіттеріне «әйел де өзіңдей тең праволы досың» деген өсиетін айтып, Онегиннің тағдырын Пушкинше қалдырмай, оны ажал аузына апарып, оқырманды содан сақтандырады.

2-жүргізуші: Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі.


  1. Татьянаның хаты (Айбану, Санагүл, Ұлпан 121)

Амал жоқ,- қайттім білдірмей,

Япырмау, қайтіп айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да тартамын.
Талайсыз, бақсыз мен сорлы,

Еріксіз аттап ұяттан,

Қорлыққа көндім бұл құрлы,

Байқалар халім бұл хаттан.
Әлімше мен де ұялып,

Білдірмен дедім өлсем де.

Шыдар ем күйіп, мен жанып,

Айында бірер көрсем де.
Болмады көріп калуға,

Есітіп біраз сөзіңді.

Шыдар ем бір ай жатуға,

Ұзақ түн жұмбай кезімді.
Қызықтан қашып бұл жерге

Көңіліңіз суып келіпсіз.

Мәнісін сұрап бірерге,

Тілдесе алмаймын еріксіз.
Келмесең егер сен бізге,

Сау болмас па ем, әлбетте?

Болмасам ашына мен сізге,

Түспес ем мұндай бейнетке.
Асау жүрек қайнамай,

Жуасыр ма еді кезінде?

Елден бір жақсы сайламай,

Бармас па ем ерге өзім де?

Өзгеге ешбір дүниеден

Еркімен тимес бұл жүрек.

Әзелде тағдыр иеден,

Қожам — сенсің, не керек.
Ән. Айттым, сәлем, қаламқас. Орындайтын Рымбекова Шырын, Қадір Әсет 31 бш тобы
1-жүргізуші: Абай үшін өмір сәулесінің гүлі де, көркемділіктің көркі де - поэзия еді.

Махаббат пен сұлулық бұл мәңгі өшпейтін шырақ емес пе. Адамға деген махаббат өмірге деген ұмтылыс жастардың бір-біріне ғашықтығы өмір сұлулығы, табиғат көркі әділетсіздіктен туған озбарлық міне осылардың бәрін Абай айта білді.



2-жүргізуші: Абай өзі өлсе де М.О.Әуезов айтқанындай: «мұрагері бізге алтын да әсем сазды сөздері қалды - біздің көз алдымызда жаны мен тәні поэзиялық махаббатқа алып бейнесі қалды» деп келтіреді.


  1. Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында (Әбілда Мадина 11ш).

Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында,

Хан да жанын қияды қыз жолында.

Алтын-күміс кигені, қамқа, торғын,

Күтуші қыз келіншек жүр соңында.


Деген сөз: « Бұқа буға, азбан дуға»,

Хан қарық боп түсіп жүр айғай-шуға.

Етімді шал сипаған құрт жесін деп,

Жартастан қыз құлапты терең суға.


Сән салтанат жұбантпас жас жүректі,

Кім де болса тұрғысын көксемек-ті.

Мезгілі өткен дәуренді қуалаған,

Не қылсын бір қартайған қу сүйекті.


Кәрі, жас дәурені өзге тату емес,

Епке көнер ет жүрек сату емес.

Кімде-кім үлкен болса екі мүшел,

Мал беріп алғанменен сатып емес.


Есерлер жас әйелді тұтады екен,

Жас қайғысын білдірмей жұтады екен.

Ортасында бұлардың махаббат жок,

Тұсап қойған қашырар бұқа ма екен?


Бай қартайса, малына берер шылбыр,

Мал өмірді жанғыртпас, құдай ұрғыр.

Біреудің қызын алып малға сатып,

Баяғыны іздеген қандай құрғыр?


Әйелім қалай демес ақсақал бай,

Сонымен дос боп жүрсің,япырым ай!

Қу әйелің майысса, мәз боласың,

Шайтанның шәкіртінің қылығын ай!


Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең,

Мүйіз шығар әйелдің тіліне ерсең.

Тіпті оңбассың, өзіңе өзің мәз боп,

Дастарқан мен әйелді мақтан көрсең.


Кінәсіз бәйбішемен болады араз,

Жастың көңілі жылымас, ол өзіне аз.

Біреуі көк балдырған, бірі қурай,

Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз?


Үнем болмас құйрықты бұлаңдатқан,

Сауырына шапақтап, сүйіп жатқан.

Екі көңіл арасы жылшылық жер,

Оны қайтып қосады ол ант атқан?


Би. 21 б тобы
1-жүргізуші: Абайдың (қырық бесінші қара сөзінде) Адамшылдықтың алды - махаббат, ғаділет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, керіспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат сезім бар.

2-жүргізуші: Бұл ғаділет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.

Бұл сөздердің мағанасын білген адамға өте үлкен, терең...

Абай осы бір кесек сөзбен адам мен ғалам жаратылысының үйлесімді өмір сүруінің тетіктерін  сыйғызып жіберген.


  1. Қыз сөзі (Ақтілек, Диана 12ш)

Қиыстырып мақтайсыз,

Ойласаң не таппайсыз?

Бізде ерік жоқ, өзің біл,

Әлде неге бастайсыз.


Біз де әркімді байқаймыз,

Тап бергеннен тайқаймыз.

Сіздей асыл кез болса,

Қайтіп басты шайқаймыз?

Ақылыңа сөзің сай,

Сіз – жалын шоқ, біз – бір май.

Ыстық сөзің кірді ішке,

Май тұра ма шыжымай.


Қабыл көрсең, көңілім жай,

Тастап кетсең, япырмай,

Ит қор адам болар ма,

Бұл жалғанда сорлыңдай?


Тілегімді бермесең,

Амалым не жерлесең?

Үйір қылма бойыңа,

Шыны жақсы көрмесең.


Қайғың болар шермен тең,

Қара көңілім жермен тең.

Сенсіз маған жат төсек

Болар бейне көрмен тең.


Сіз – бір сұңқар шаһбаз1,

Жер жүзінен алған баж2.

Біздей ғаріп есепсіз,

Есігінде жүр мұқтаж.


Көңілің тұрса бізді алып,

Шыныменен қозғалып,

Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын,

Тояттай бер, кел де алып.


Тал жібектей оралып,

Гүл шыбықтай бұралып.

Салмағыңнан жаншылып,

Қалсын құмар бір қанып...


Мұны жаздым ойланып,

Ойда бардан толғанып.

Кірсе ішіңе оқи бер,

Бозбалалар, қолға алып.


Мұны оқыса кім танып,

Жүрегіне от жанып,

Сөзді ұғарлық жан тапса,

Айтса жарар ән салып.


Өлең жиған тырбанып,

Ән үйренген ырғалып.

Сорлы Көкбай қор болды-ау,

Осыншадан құр қалып.


Ән. Есіңде бар ма жас күнің. Орындайтын Жұмағазы Гүлдана, 11 бш тобы
2-Жүргізуші: Кейде есер көңіл ќұрғырың

Махаббат іздеп талпынар,

Ішем деп бейнет сусынын

Асау жүрек алќынар.

Тартќан бейнет, өткен жас

Жүректің отын сөндірмес.

Махаббат— өмір көркі рас,

Өлген ол да үндемес.



1-Жүргізуші: Махаббатсыз — дүние бос,

Хайуанға оны ќосыңдар.

Ќызыќтан өзге ќалсаң бос,

Әйелің, балаң, досың бар.

Жүрегі жұмсаќ білген ќұл

Шын дос таппай тыншымас.

Пайда, маќтан бәрі —тұл,

Доссыз ауыз тұшымас.



2-жүргізуші: Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

1-жүргізуші: Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет