Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


Билет 11 1.Математиканы оқытудың блоктық- модульдік технологиясы



бет17/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

Билет 11
1.Математиканы оқытудың блоктық- модульдік технологиясы.
Оқу үрдісі екі жақты болып келеді. Ол үшін тек мұғалімнің жоғары сапалы жұмысы ғана емес, оқушылардың белсенді қатысуы, олардың оқуға деген қызығушылығы болуы тиіс. Ол үшін оқу үрдісін оқушылардың өз бетімен жұмыстанып жаңа білім алуы және оны тәжірибеде сәтті қолдануға болатындай ұйымдастыру қажет. Біздің пікірімізше бұл әдіске математиканы модульдік оқыту технологиясы сәйкес келеді , мұнда теориялық материал алдын ала, ірі блоктармен, оқу үрдісін алгоритмдеу және танып білу циклін сәйкестендіру арқылы жүргізеді. Математиканы оқытудың модульдік технологиясын пайдалану келесі мүмкіндіктерді береді: материал бөлек бірліктер түрінде емес, өзі жататын бір құрылымдық бірліктен бөлінген түрінде алынады, сол тарауға жататын математикалық жұмыстар, түсініктер, қасиеттер бірге зерттеледі. Материалдарды блоктарға жинақтау оларды шағын конспектілерге айналдырады. Сонымен қатар дайындық және негізгі тақырыптарды өткізу уақыты қысқарады. Біздің жағдайымызда олар логикалық бірегей кешендер түрінде зерттеледі. Сонымен қатар модульдік оқыту- оқушыларды өз бетімен үйренуге бейімділік қалыптастырады, тұтастай оқу үрдісі алдын ала мақсат қоюға негізделеді, ал оқу үрдісін деңгейлеп ұйымдастыру оқушыға таңдап оқу мүмкіндігін береді. Математиканы оқыту технологиясы мен блоктар құру арқылы жоспарлаймын. Әр блоктың жүйелілік және тұтастық, уақытқа тұрақтылық жіне жадыда тез сақталу қасиетине ие.
ПМ – ИМ – КМ – ЖМ – БТМ – БМ
ПМ- проблемалы модуль ИМ- информациялық модуль КМ- кеңейтілген модуль ЖМ- жүйелендірілген модуль
БТМ- білімді тузету модулі БМ- бақылау модулі
Әр модульді тереңдетіп қарастырайық.Проблемалы модуль. Теориялық материалды түсіндіру проблемалы тапсырмадан бастап, жаңа түсініктің пайда болуына әкелген тарихи қалыптасқан мәселені көрсетемін. Меңгерудің алдынды проблемалы модулді енгізу: материалды зерттеу қажеттілігін көрсетуге; оның маңыздылығын дәлелдеуге; осы материалды, берілген тақырыпты және тұтас математиканы игеруде қолданылуын көрсетуге мүмкіндік береді. Информациялық модуль. Әр блоктың информациялық модулінің негізі- дәріс, нәтижесі- нақты конспект болып табылады. Оларды құрастыруда келесі прициптер жетекшілікке алынады: -математикалық символиканы мүмкіндігінше мол пайдаланып ғылыми түсіндіру; -теориялық материалдың логикалық құрылымын бұзбай қысқаша түсінік беру; -түрлі суреттер, жобалар, сызбалар, диаграммалар қолдану арқылы жоспарланған- көрнекілік; -бір конспектіде тұтас тақырып бойынша мәліметтің болуы немесе егер, тақырып тым-үлкен болса оның бір бөлігі қысқартылуы тиіс. -бір конспектіден екіншісіне өтудің логикалық байланысы және кезектілігі. Ақпараттарды блоктарға бөліп беру жүйесі материалды толығымен, бөлшектерге бөлмей зерттеуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау және оларды негізгі типтерге бөлу алгоритмдерін жасауға көңіл бөлу қажет. Информациялық модульмен зерттеу кезінде қолданылатын тапсырмаларды бөлшектеп шешу алгоритмдерін пайдалану оқушыларға блокты зерттеудің келесі кезеңінде стандартты тапсырмаларды өз бетімен шешуге мүмкіндік береді. Осы аталған сәттерді жаңа сабақ игеруде қолданған тиімді. Кеңейтілген модуль. Ақпаратты модульде материалды түсіндіру кезінде тек негізгі, басты сұрақтар қарастырылатын болса, кеңейтілген модульде теориялық материалды тереңдетіп, кеңейтілген түрде игеру, стандарттық емес тапсырмаларды шешу қарастырылған. Берілген уақыт ішінде көбірек мәлімет беріледі. Бұл модульде сабақты зерттелген материалды бекіту үшін жүргізу қажет, ол үшін оқушыларға тақырыптың басты тараулары бойынша кешенді тапсырмалар беріледі. Кеңейтілген модульде сабақты стандартты емес түрде жүргізуге қолайлы жағдай жасалынады. Жүйелеу модулі. Білімді жүйелеу оқушыларды берілген маткриалды мәліметтер жмнағы ретінде сақтаудан құтқарады. Жалпыландыру үрдісіне оқушылардың өздері белсене қатысады; топтастырылған материал тез және жеңіл сақталынады және оны пайдалану ыңғайлы. Ол семинар сабақтарында немесе жалпыландыру және жүйелеу сабақтарында жүргізіледі; және келесідей реттілікпен орындалады : бөлек фактілерді қабылдау, түсіну және жалпыландырудан, оқушыларда тақырып бойынша түсінік, идеялар қалыптастыруға дейін. Бұл сабақты жарыс, КВН, конференция, саяхат т.б. түрінде жүргізуге болады. Бұл модульдің негізгі мақсаты- оқушылардың білім алуындағы үзілістерді жою. Тараудың бір тақырыбын игеру кезінде ағымдағы бақылау нәтижесі бойынша оқушылардың білім беру деңгейін, білім үрдісінің тиімділігін тексеріп, сабақты түсінуі мен игеруіндегі кемшіліктері оңай байқалады. Оқушылардың тақырыптан қалып қоюы мен үлгерімінің нашар болуының алдын алу үшін кеңес беру, қосымша сабақ жүргізу, қателерін тузету т.б. жүргізіледі.
Бақылау модулі. Бақылау модулімен жұмыс жасау үшін оқушылардың білімі мен біліктілігін келесі параметрлер бойынша тексереміз: 1) ағымдағы бақылау; 2) үй тапсырмаларын орындауын бақылау; 3) тақырып бойынша және қорытынды бақылау; Ағымдағы бақылауды оқушылардың күнделікті тапсырмаларын теориялық және практикалық бақылау, мұны өз бетімен орындалатын жұмыстарды тексеру, конспектілерін тексеру арқылы жүргіземіз. Үй тапсырмаларын релелік жұмыстар орындау кезінде жүргіземіз- оқушылар үй тапсырмасын орындау үшін алдын ала жеке тапсырмалар алады. Білімін қорытынды тексеруді тест, тақырыптық жұмыстар және сынақтар арқылы жүргіземіз. Сынақ жұмысы- бұл оқушы мен мұғалімнің берілген тақырып бойынша қорытынды жұмысы. Егер оқушы игерілген тақырып бойынша барлық теорияға жауап берсе, ол сынақтың теориялық бөлімінен босатылады. Мысалы алгебра және анализ бастамалары пәнінен 10-11 сыныптарға арналған курсын 5 блокқа бөлуге болады:
№1 блок: «Сандар мен дәрежелік түрлендірулер»;
№2 блок: «Функциялар мен олардың қасиеттері»;
№3 блок: «Теңдеулер мен теңсіздіктер»;
№4 блок: «Туынды»;
№5 блок: «Интеграл».
Математика сабағында жүктеменің артуы оқушыларда игерілетін материалға қызығушылығын сақтап қалу мәселесін тудырады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығы оны оқыту әдістемесіне, оқыту жұмысын ұйымдастыруға байланысты болады. Математиканы блоктық- модульдік технологиямен оқыту арқылы үнемделген уақытты стандартты емес сабақтар жүргізуге жұмсауға болады. Мұндай әрбір ойын- сабақ оқушыларға тез қонысды болады. Ойын барысында балалар өз бетімен ойлап, көзқарасын дамытып, білімге құштарлығы оянады. Тіпті ең сылбыр балалардың өзі ойындағы жодастарына көмектесу үшін бар күштерін салады. Төменгі сыныптарға ойын сабақтарын өткізу үшін жоғарғы сынып оқушыларын шақыру ыңғайлы. Олар сабақтың әр сатысында оқушыларды бағалап отыруға көмектеседі, оларды тарихи материалдармен таныстырады. Осындай сабақтардан соң біртіндеп шамалы оқушылар белсенді жұмыс жасай бастайды: өздері баяндама даярлайды, шығарма жазады т.б. Проблемалы тәсілді ажыратып, оқушының оқу үрдісіне шығармашылық қатынасын дамытып модульдік білім беру технологиясын пайдалану, теория мен практиканы кешенді пайдалану оқушыларда терең білім қалыптастырып, әр оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайды. Бұл технология бойынша оқушыда пайда болатын бос уақыт оған шығармашылық ізденістер жүргізуде пайдалынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет