Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


Деңгейлеп оқыту технологиясы. Оның мақсаты мен маңызы



бет16/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

3. Деңгейлеп оқыту технологиясы. Оның мақсаты мен маңызы
Оқулықтардың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технологияда бірінші орында оқушы туралы және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударады. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасайды.Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше,ізденуіне жол ашады,шығармашылық жұмыстарға баулиды,қиялын,ойын ұштайды. Оқушының білімді меңгеру сатысы:
1.Шығармашылық; 2.Эвристикалық;
3.Алгоритмдік; 4.Оқушылық деңгей;
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту үшін:
1.Өз бетінше тапсырма беру (тарихи есептер,логикалық есептер)
2.Тарихи мағлұматтарға байланысты рефераттар қорғау.
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен,ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды іздеп өз бетімен орындайды. Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады.
Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:
1. Денгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкідік береді.
2. Денгеийеп оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Денгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш денгеий қарастырылады: ең төменгі денгей(минималды базалық),бағдарламамалық, күрделенген денгей.
4. Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтежелі болу үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет