Билет 12
1. Проблемалық оқыту әдісі және оқушылардың белсенділігін арттыру.
Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды. Проблема дегеніміз – субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тəжірибесі жəне т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты – оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды жəне ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тəсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді. Сондықтан сол қиыншылықтан шығудың жолын қарастырып, іздену іс-əрекетіне көшеді. Проблемалық жауап кезеңінде оқушының іс-əрекеті ойлаумен, пайымдаумен өз бетінше ізденумен сипатталады. Проблемалық оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюды емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тəсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының тақырыпта кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тəсілдерін меңгертуге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы – дұрыс ойлай білуге баулу. Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау жəне тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс əрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің жəне тағы басқа) ескере отырып, жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мəлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да проблемалы оқыту көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады жəне сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нəтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нəтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық əдіспен оқытудың мақсаты оқушының сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету. Оқушыны ізденуге, қорытынды жасауға, өзгеше пікір айта білуге үйретеді. Проблемалық оқиға оқушының бұрыннан меңгерген білімге сүйеніп, мəселені толық шешу үшін аздаған өзіндік ойды, шығармашылық шешімді, дербес əрекетті қажет ететін проблемалық жағдайға алып келуі керек. Проблема тууға ыңғайлы тақырыпты таңдай білу, мұғалімнің ізденімпаздығына, тапқырлық шеберлігіне байланысты. Сол сияқты есептер шығару барысында да балаларға есеп сурет салу арқылы, схема түрінде сызуға, кестелер арқылы шығартуға бейімдеу, өздігінен кері есеп құрастыра білуге жаттықтыру керек. Есептің бір-бірінен ұқсастығын, айырмашылығын, байланысын тапқызуға болады. Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады жəне проблемалары міндетті шешуге дайын тəсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік əрекетімен ынтасы күшейе түседі. Проблемалық оқыту технологиясы тұжырымының ерекшеліктері:
білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үдеріс;
бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
оқытуда табысқа жетудің шарттары;
оқу-материалында проблема туғызу;
баланың белсенділігі;
оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |