Билет 6
1.Педагогикалық технологияның түсініктемелері.
Педагогикалық технология педагогика ғылымының саласы ретінде педагогикалық жүйелерді құрастырады, болжайды және білім беру тәжірибесін енгізеді. Олардың табысты қызмет етуінің механизмдері мен басқару жүйесін зерттейді. Педагогикалық технология мынандай принциптермен тұрғызылады: жүйелілік, алгоритмділік, стандартизациялау, тиімді ұйымдастыру мен басқару, интенсификациялау, технизациялау мен электронизациялау және тиімділік. Педагогикалық технология екі салада қызмет етеді: бірінші – ғылыми-зерттеу жұмысымен оқытудың және білім берудің жаңа тұжырымдамалары мен модельдерін жасау; екінші – педагогикалық тәжірибе, тұжырымдамалар мен модельдерді сызықты деңгейде жүзеге асыру. Педагогикалық технологияның дамуы және функциялық механизмі білім беру мақсатын жүзеге асыру мен нақтылау бойынша педагог пен оқушының өзара байланыстағы белсендігіне қызмет етеді. Г.В.Селевко «педагогикалық технологияның» үш жағын белгілейді:
- ғылымилық: педагогикалық технология – оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін жасайтын, педагогикалық үрдісті жобалайтын, оларды зерттейтін педагогика ғылымының саласы;
- үрдісті-сипаттаушы: үрдісті сипаттау (алгоритмі), оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде қолданылатын мақсат, мазмұн, әдіс-құралдар жиынтығы;
- үрдісті – іс-әрекеттік: технологиялық (педагогикалық) үрдісті жүзеге асыру, барлық тұлғалық, құралдық және әдіснамалық педагогикалық құралдардың жұмысы.Отандық педагогикада «педагогикалық технология» ұғымы оқыту және тәрбиелеу үрдісінде бірдей қолданса, шетелдік педагогикада, ол тек оқыту саласымен шектелген.Педагогикалық тәжірибеде «білім беру технологиясы» мен «оқыту технологиясын» жиі шатастыру байқалады. Білім беру – оқытуды ұйымдастыру және өз бетімен білім алу барысында тұлғаның дүниеге көзқарасы, адамгершілік сияқты басқа қасиеттерінің қалыптасуы жүйелі білім, іскерлік, дағдыны меңгеру процесі мен нәтижесі. Оқыту – оқушы тұлғасының білім алу, тәрбиелеу және дамуын жүзеге асыру барысындағы мұғалім мен оқушының өзара мақсатқа бағытталған процесі. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, білім беру технологиясы – білім беру формасын тиімдеттіруді міндет қойған оқытудың барлық процесін қолдану мен анықтау және білімді меңгеру техникалық және адам ресурстарын ескеруі, олардың өзара әрекет етуін жасаудың жүйелі әдісі. Білім беру технологиясы педагогикалық технологияның бір бөлімі ретінде, білім берудің жаңа жүйесінің теориясы мен әдіснамасын жобалау және оны тәжірибеде жүзеге асыру, ол процестерге қатысушыларды басқару тәсілдері. Оның негізгі міндеті – оқыту мен үйренудің процестерін оптимизациялау. Бұл технологияларға дамыта оқыту мен тәрбиелеудің тұтас педагогикалық жүйелері кіруі мүмкін. Мысалы, проблемалық оқыту, қарқынды дамыта оқыту, ақпараттық және компьютерлік оқыту, дидактикалық бірліктерді ірілендіре оқыту сияқты.