Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


Билет № 7 1.Педагогикалық технологиялардың жіктелуі және негізгі әдістемелік принциптер



бет8/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

Билет № 7
1.Педагогикалық технологиялардың жіктелуі және негізгі әдістемелік принциптер
Жаңа педагогикалық технология : ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысьнан қарау, оқыту мен тәрбиелеудің ажырамас бірлігі.Ынтымақгастық педагогикасының ерекшелігі - мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де субъект. Оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас, ал оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас. Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру және оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу.Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері - үнемі қайталау,міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты - барлық баланы табысты оқыту. Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
- оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
- саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
- бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды
біртіндете оңайлату әдісін - оза оқыту әдісін қолдану;
- сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар
қатыстырылады;
- бірте-бірте толық дербестілікке өту;
- сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру; түсінетін, өзара көмек, ынтымақтастық
қарым-қатынас;
- оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
- үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;
- білім, білік, дағдыны дамыта меңгеру;
- түсіндіруді қабылдау.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізіне әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды оқушылардың әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады. Деңгейлік саралап оқыту технологиясының ерекшеліктерін атап айтар болсақ, күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі сьнап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады; әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады; білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап жеңілдейді.Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктерімен - білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады. Модельдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. Модельдік оқытудың өзегі - оқу моделі. Оқу моделі - ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны іскер мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет