Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


Билет №8 1.Интерактивті әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану



бет11/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

Билет №8
1.Интерактивті әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану
Оқу үрдісінде келесі интербелсенді әдістер қолданылады:Кейс-стади–өзбетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын кӛрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау. Іскерлік, рөлдік ойындар –студенттерге әртүрлі кәсіби рөлдерде сөйлеуге және сабақты мәселелі жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдісі. Тестілеу–әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан тұрады.PBL (problembasedlearning–мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі -қойылған мәселемен ӛзбетінше жұмыс істеунәтижесінде студент әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту әдісі. TBL (teambasedlearning–кішітоптардаоқыту) әдісі –студентте топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретіноқытудың топтық әдісі.Топтық дискуссия әдісі студенттердікәсіби жағдайды талдауға, мәселені құру дағдыларын қалыптастыруды үйретуге, басқа қатысушылармен қатынасқа түсу игеріміндамытуға, соныменқатар, әртүрлі кәсіби мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелесудің түрі. Миға шабуыл әдісі –топтажұмыс істеудешығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттергеситуация шешіміжауабының бірнешежолынайтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдердіқабылдаудың оперативтіәдісі. Тренинг(ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет