Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» технологиясының философиясы және әдіс тәсілдерінің ерекшеліктері



бет10/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

3. «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» технологиясының философиясы және әдіс тәсілдерінің ерекшеліктері
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» .«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек.Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген бұл технология қазақ тілдерінде мектепке ене бастады.Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десекқателеспейміз.Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді. 1-кезең-Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау»стратегиясын бүгінгі практикалық жұмыс барысында байқайсыздар, сондай-ақ келесі сабақтарда үйренуге болады. «Топтау», Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау»т. б. әдістер жинақталған.Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін , ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.Мағынаны тануды жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірденбір кепілі.Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет
арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға , яғни байланыс құруға дағдыландырады.
Тақырып бойынша «Ой толғаныс»бағдарламаның 3-кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде
оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап , оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрен жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»т. б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет