2.Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы. . Мақсатты оқу үрдісін ұйымдастыру. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов және В.В.Репкиннің жетекшілігіндегі ұжымның курстарын шығарған дамытып оқыту жүйесі басқа дамытып оқыту концепцияларын өзінің
оқушыларды психикалық – ақыл-есін және тұлғалық дамытуға бағытталғандығымен ерекшеленеді.Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың дамытып оқыту жүйесі дәстүрлік оқу жүйесіне танымдық бағыты, оқушының танымдық әрекеті бойынша қарсы қойылады.Нағыз оқыту жеке, нақты, бірегейден жалпы, асбтрактылы, тұтас түріне; жағдай немесе фактіден жүйеге; көріністен жалпы жағдайға өзгертіп бағытталған.Мұнда оқыту барысында дамитын сәбидің ойлау қабілет В.В.Довыдов – эмпирикалық деп аталады.А.С.Выготский, А.Н.Леонтьевтің, Э.В.Ильенковтың, Д.Б.Элькониннің жұмыстарынжалпылай келе В.В.Давыдов кері дәстүрлі оқытуға бағытталған жаңа оқыту жүйесінқұрудың теориялық мүмкіншілігі туралы сұрақ қойды.Мұндай оқыту барысындадамитын ойлауды В.В.Давыдов – теориялық, ал оқытудың өзін – дамыта оқыту деп атады.Бұл кезде В.В.Давыдов А.С.Выготский, Д.Б.Элькониннің оқытудың ақыл-есін дамытудағы басты маңызды ең алдымен білімнің игерілуі (Д.Б.Эльконин) және оның туындысы болып табылатын оқытуды ұйымдастыру әдістерінің (немесе тәсілдерінің) мазмұнына қарай білінеді деген бастапқы түсініктеріне сүйенеді. Мақсатты оқу үрдісін ұйымдастыру.
1. Теориялық БАС, ОӘС игеруге бағытталуы, әрекеттердің нысандарын анықтау және құру, белгілі бір кластың тапсырмаларын шешудің жалпы принциптерін.МОІ белсенділікке тәуелді емес.Белсенділік әрекет барысында болуы мүмкін(бағдарламаны оқыту жүйесі).Мақсатты оқыту ісі жағдайында талқыланған әрекеттәсілдерін іздестіру, заңдылықтар мен принциптерін іздеу белсенділігі.
2. Оқушы зерттеуші – табушының жағдайына қойылады.Бұл үшін ол принципті игеруі, оны ашып, зерттеу жүргізуі тиіс болатын.Бұл жағдайда МОІ зерттеу ісіне ұқсас болып келеді.Барлық заңдар мен ережені баланың өзі құрастырады.
3. Өз әрекетінің негізінде тендігін қарастырудың рефлексті сипаты.Шығармашылық рефлекция тәжірибесі – тұлғаның қалыптасуының негізін қалаушы элементі.
Д.Б.Эльконин - В.В.Давыдовтың технологиясында оқыту мақсаты оқу үрдісі түрінде
жүреді,мұнда бола өзі ма
Қсат қойды және өзін өзі өзгерту тапсырсырмаларын береді және оған қол жеткізеді.Оны
ұйымдастыру – дамытып оқыту мұғалімнің негізгі және басты мақсаты.
Оқушы өз бетімен мақсат қойып, оқуға үйретудің түрлі нұсқалары қолданылады.
Оқушыларға жинақталған тәжіребесі кезінде тапсырманың орындаудың жалпы жоспарын құру және жүзеге асыру ұсынылады.
Тапсырмалардың орындаудың дайын нұсқаулығы (жоспар,алгоритм т.б), оны қолдану
үлгісі және тапсырманы жүзеге асырудың жалпы жоспары беріледі.Қиындықтарды топпен
шешеді;
Жаңа тақырып бойынша,мұғалім ұсынған жоспар бойынша тапсырманы шешкеннен кейн, келесі тақырыпқа көшу кезінде жоспарды өз бетімен құрады;
Жұмыстың жалпы жоспары және оны нақтылау әдістері негізінде оқушылар жоспар
нұсқасын жасап оны тапсырманы шешу барысында бекітеді;
Нақты мысалды оқушылар берілген тақырып бойынша тапсырманы шешеді .Құрылған
жоспарларын басқа тапсырмаларды шешуге пайдаланады.
Жоспарды құру (жалпы және жеке )және оны нақты оқу үрдісінде жүзеге асыру тәсілі
құрылады.Оның бөлек компоненттері: соңғы нәтежесінің (мақсатының ) түрі, түрлендіру
нысаны(оның құрамы мен құрылысы,қасиеті, т.б) жоспарлау құралы және тәртібі
(операциялардың кезектілігі), нақты оқу үрдісінде қолдану және жасау ережесі көрсетіледі.
Проблемалап түсіндіру.
Білімді проблемалы түсіндіру (проблематизация ) дегеніміз материалды дәйекті кіріспесімен бірге беруді білдіреді. Мұғалім балаларға тек сабақтың қорытындысын ғана емес, оны ашу мүмкіндігін беріп, олардың ойларын ақиқатқа жетелейді,ғылыми ізденістің қатысушылары етеді.Бұл ойлау табиғатының жаңа заңдылықтар ашу, танымдық және практикалық мәселерді шешу жолдарын табу үрдісіне сәйкес келеді.
Оқушылардың әдісі.
«Оқу тапсырмасы» термині кең ұғымды –бұл оқушыға таным мақсатында оқу үрдісінде
берілетін (немесе өзі тағайындайтын ) нәрсе.
Дамытып оқу технологиясындағы оқу тапсырмасы- бұл оқушы үшін жеке маңызы бар
мақсат, ол жаңа материалды игеруге итермелейді. Ол проблемалы жағдайға ұқсайды. Бұл
білмеу,жаңа,белгісіз нәрсемен кездесу бірақ оқу тапсырмасының шешімі нақты шығу жолын табу емес,тек ұқсас тапсырмаладрдың таптамасын шешу принципін, әрекет ету тәсілін
іздеуде.Оқушылар оқу тапсырмасын белгілі бір әрекет шешу арқылы шешеді:
Мұғаліммен оқу тапсырмасын алу немесе өзіне –өзі тағайындау;
Тапсырманың шарттарын зерттелетін нысананың жалпыға бірдей қатынасын анықтау
үшін түрлендіру;
Бөлінген қатынасты пәндік, графикалық және әріптік түрге модельдеу;
Модельді оның қасиетін «таза күйнде» зерттеу үшін түрлендіру;
Жалпы тәсілмен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін құру;
Аталған әрекеттерін орындалуын қадағалау;
Берілген оқу тапсырмасының шешілу нәтежесін жалпы тәсіл ретінде бағалау.