Тест әдістері. Балаларды психодиагностикалық мақсатта тексеруде көбінесе Д.Векслердің балаларға арналған тест жүйесі қолданылады. Жеке-дара психологиялық тексерулерде бұл тест бала туралы қосымша мағлұматтармен қатар, баланың өзіне де айтарлықтай көмектесе алады. Бұлтест, әсіресе, ақыл-ой артта қалуының жеңіл түрлерін психикалық дамудың мүлдем тежелуінен ажыратуда өте пайдалы. Д.Векслер тестісінің құрамында вебалды және вербалды емес сипаттағы диагностикалық тапсырмалар топтамасы қарастырылған. Топтама 5 пен 16 жас арасындағы балаларға арналған 12 тестен тұрады.