Ақыл-ойы баяу, кеміс деген сөз дефектологияда жиі айтылады. Бұл балалардың ақыл –ой қабілетінің төмен болу екендігін білдіреді. Ақыл-ой кемістігі орталық жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейдегі зақымдалуынан болады. Арнайы педагогикада ақыл-ойы кеміс балалардың бұзылуын зерттейтін, оларды оқыту мен тәрбиелеуді қарастыратын және әлеуметтік ортаға бейімделу мәселесімен шұғылданатын олигофренопедагогика болып табылады. Бұл терминді ғылымға ХХ ғ.басында неміс психиаторы Э.Крепелин енгізген болатын және оның мағынасы грек тілінен аударғанда «ақылы аз» дегенді білдіреді.