Билет №1 Дефектологияның ғылымдар жүйесінде алатын орны


Ақыл-ой бұзылысын анықтауға арналған әдістемелер



бет3/87
Дата25.01.2022
өлшемі126,85 Kb.
#114311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Байланысты:
дефекталогия
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1), Дефектология ЛЕКЦИЯ (1), пс.прак.билет, психака туралы түсінік
Ақыл-ой бұзылысын анықтауға арналған әдістемелер.


Суреттерді зерттеу әдісі. Балаларды зерттеп, тексеруде сурет салу-дифференциалдық-диагностикалық маңызды көрсетікіш. Баланың педагогикалық құжаттардағы суреттері белгілі бір тұрғыда күмән туғызса, жағымсыз әсер қалдыратын болса, балаға сурет салуда тақырыптық еркіндік немесе нақты тапсырма бере отырып арнайы зерттеулер жүргізген дұрыс. Баланың тақырыпты таңдай алуы, суреттің сипаты, сурет салу процесі, нақтылы диагноз қоюда қосымша құнды материалдар беруі мүмкін. Ақыл-ойы кем балалар, әдетте, тақырып таңдауда қиналады, сюжет құра алмайды, олардың еркін тақырыпқа салынған суреттерінде белгілі бір ой, фантазия болмайды. Сондай-ақ олар форма, пропорция сақтай алмайды, түрлі түстерді онымен қолдана алмайды, салынған суретті түсіндіріп бере алмайды. Психикалық ауруға шалдыққан балалардың суреттері ерекше болады. Шизофрениямен ауыратын балаларғасуреттің аяқсыз қалуы, негізгі бөліктерінің болмауы немесе көп қабаттылық пен көп құрамдылық, сурет жоспары мен қағаз өлшемінің сай келмеуі қағаз шетінен алысқа кетуден қорқу, т.б. симптомдар тән.

4. Эксперименттік-психологиялық зертеу әдістері. Бұл әдіс әдейі зерттелуі қажет психикалық процестерді жандандыратын белгілі бір ситуацияларды жасауға негізделген. Эксперименттік әдістер көмегімен баланың түрлі жағдайларының себептері мен механизмдерін анықтауға болады. Бұл әдістер баланың дәл қазіргі жай-күйін ғана айнықтап, қоймай, оның дамуына болжам жасауға, сонымен бірге баланың қажетті деңгейде дамуы үшін жүргізілетін жұмыс бағытын ақындауға мүмкіндік береді.

5. Тест әдістері. Балаларды психодиагностикалық мақсатта тексеруде көбінесе Д.Векслердің балаларға арналған тест жүйесі қолданылады. Жеке-дара психологиялық тексерулерде бұл тест бала туралы қосымша мағлұматтармен қатар, баланың өзіне де айтарлықтай көмектесе алады. Бұлтест, әсіресе, ақыл-ой артта қалуының жеңіл түрлерін психикалық дамудың мүлдем тежелуінен ажыратуда өте пайдалы. Д.Векслер тестісінің құрамында вебалды және вербалды емес сипаттағы диагностикалық тапсырмалар топтамасы қарастырылған. Топтама 5 пен 16 жас арасындағы балаларға арналған 12 тестен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет