2. Ней жүйесінің кламмерлеріні сипаттаңыз. Жіктелуі, қолдануы. Тірек ұстағыш кламмері барлық үш қызметті тіреу, тұрақтандырушы,кідіртетін бір атқаратын неғұрлым жетілген кламмер түрі болып табылады. Ең әуелі кламмерлік жүйе тірек тістерді қоршаған тіндерге залалды әсері болмауы керек. Сонымен қатар кламмер арқылы тірек тістерге берілетін шайнау қысымы ұяшықтық өсіндінің ертерек пайда болған семуін аңғарта отырып,протез орнының шырышты қабатына жиірек бөлінуі қажет. Екіншіден кламмерлік жүйе түрлі клиникалыұ жағдайда,яғни тіс қатары кемістігінің түрлі көлемі мен топографиясы, ұяшықтық өсіндінің семуі,пішіні,көлемі және тірек тістердің орналасу жағдайы мен тұрақтылығы, қарама-қарсы тістердің әртүрлі окклюзиялық өзара әсері кезінде протездің берік бекуін қамтамасыз етуі қажет. Үшіншіден кламмерлерді қолдану кезінде эстетіканың өте күрделі мәселесін шешуге тура келеді. Тірек тістерге кламмердің орналастыру оларндың қалыпты сыртқы түрін бұзады,сөйлегенде немесе күлгенде металдан жасалған бөлшектер көрініп қалады және тіс беттерінің пішіні мен тұлғалық көлемін көзге түсерліктейетіп жиі бұзады, бұл болса протезге бейімделу кезеңін айтарлықтай төмендетеді. Құйылған тірек –ұстағыш кламмердің құрылымы 4 негізгі элементті қамтиды: екі иықты вестибульярлы және ауыздық,окклюзиялы бастырманы ол тістің окклюзиялы бетіне орналасады, денені бұл байланыстырушы элемент,ол тісте түрлі нұсқада орналасады, өсінді ол кламмердің өзін доғалы протездің металл қаңқасымен қосады не табақшалы протез негізінің қалындығына енеді.
3. Ситуациялық есеп: Науқас Л, 66 жаста, жақында жоғарғы жақтағы тістердің толық жоғалуына байланысты протезделді. Протездің қысымынан өтпелі қатпар аймағындағы ауырсыну туралы шағымдармен ортопедиялық стоматология клиникасына жүгінді. Ортопед дәрігер түзету жүргізді, содан кейін протез жаққа бекітілуді тоқтатты.
Тапсырмаға сұрақтар:
1. Протезді коррекциялау кезінде жіберілген қатені анықтаңыз.
2. Қайта протездеу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
3. Протездеуден кейінгі асқынулардың алдын алу әдістері.