Билет №5
1. Арифметикалық векторлық кеңістік. Матрицаны сатылы түрге келтіру
Матрицаны сатылы түрге келтіру
Анықтама. Нөлден өзгеше матрицаның нөлдік жолдары нөлден өзгеше жолдардан кейін тұрса және әрбір нөлден өзгеше жолдың жетекші элементі, екінші жолдан бастап, алдыңғы жолдардың жетекші элементтерінен кейін тұрса, онда матрица сатылы деп аталады.
Билет №6
1.Векторлар жүйесінің сызықтық тәуелділігі және тәуелсіздігі. Векторлардың ақырлы жүйесінің базисі және рангі.
Векторлардың ақырлы жүйесінің базисі және рангі
Анықтама. Ақырлы векторлар жүйесінің базисі деп барлық жүйеге эквивалент және сызықты тәуелсіз ішжүйе аталады. Анықтамадан, базис сызықты тәуелсіз болатыны және жүйенің кез келген векторы базистік векторлар арқылы өрнектелетіні шығады.
Анықтама. Ақырлы векторлар a1,…, am жүйесінің рангі деп оның бір базисіндегі векторлардың саны аталады және r(a1,…, am) деп белгіленеді. Нөлдік векторлар жүйесінің рангі 0-ге тең деп есептеледі. 1-мысалада r(а1, а2, а3) = 2.
Достарыңызбен бөлісу: |