Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет140/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2
Жергілікті белгілер: Ауыру сезімі; ісіну; жергілікті гипертермия;
зақымдалған дене болігінің қызметінің бұзылуы; егер флегмона беткей
орналасса, шекарасы жоқ гиперемия байқалады, ал егер терең орналасса,
гиперемия анықталмауы мүмкін. Флюктуация белгісі флегмонаға тән емес, ол тек флегмонаның абсцесстенуі кезінде ғана анықталады.
Клиникалык ағымына байланысты флегмонаны: шектелген және үдеуші
деп екіге бөледі. Біріншісі жайылмайды, көбінесе стафилококктармен
шақырылады, екіншісі жайылып орналасады. Ерекше тобына - шірікті
флегмонаны жатқызуға болады, ол кәдімгі аэробты және анаэробты флорамен шақырылады. Шірікті инфекциялар патологиялық үрдіспен қоса өліеттену үрдісінің дамуымен сипатталады. Көбінесе, шірікті флегмона өлген тіндері көп, аса ластанған, терең қалталы жараларда дамиды. Шірікті флегмонамен асқынған жараныңтіні, өлі еттенген аймақтарында сұр түстес болады. Жараның айналасындағы терісі қызарады және ісінеді. Токсиндердің жиналуы дененің жалпы жағдайын ауырлатады: айқын қалтырау байқалады, науқастың дене қызуы тез көтеріледі, менингиальді белгілер дамиды, ОНЖ және ас-қорыту,
зәр шығару жүйелері бұзылады. Жұмсақ тіндердің ауқымды іріңді қабынуы ағаш тәрізді флегмона (Реклю ауруы) деп аталады, ол тармақталып, созылып жайылатын флегмонаның түріне жатады.
Емі: Оперативтік жолмен жүзеге асырылады. Наркозбен флегмонаны тіліп, ірінді шығарып, өліеттенген тіндерді кесіп алады. Іріңді қалталарды қосымша тілік жасап ашады. Жаранысутегінің асқын тотығының ерітіндісімен жақсылап жуып тазартады да, гипертониялық ерітіндіге (NaCl 10%) немесе левомеколь майына малынған дәкелік таңғыштар мен дренажды түтіктерді жараның түбіне қойып орналастырады. Жараны операциядан кейін, іріңді жараны емдегендей етіп жүргізеді. Сонымен қатар, науқастарға антибактериальді,
дезинтоксикациялық және симптоматикалық ем тағайындалады. Анаэробты микрофлораның нәтижесінде дамыған флегмонаны емдеу қиындыққа соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет