Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Билет 34 1.Сүйек сынықтардың емдеу кезеңдері



бет141/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2
Билет 34
1.Сүйек сынықтардың емдеу кезеңдері.
Сынықтардың клиникасы мен диагностикасы
Клиникалық тұрғыда сынықтардың жалпы және жергілікті белгілерін
ажыратады.
Жалпы белгілер: шок; қан кету; майлы эмболия; ұзақ қысылу синдромы.
Жергілікті белгілер: ауыру сезімі; деформация; аяқ-қолдың қызметінің
бұзылуы және қысқаруы; патологиялық қозғалғыштық; сынған сүйек
ұштарының крепитациясы (сықырлауы).
Ауыру сезімі сүйек сынғанда дамиды, ол нерв талшықтарының сынған
сүйектің өткір ұштарымен тітіркенуінен болады. Ауыру сезімі тыныштық жағдайында бәсеңсіп, аяқ-қолды аздап қимылдатқанның өзінде күшейеді. Пальпация жасағанда ауыру сезіміне сүйеніп, сынықтың орнын табуға болады.
Ауыру сезімі - кейде жетекші симптом болуы мүмкін, мысалы қабырғалар сынғанда, бірақ ол нағыз белгісі болып табылмайды, өйткені соғылу, созылу, буынның шығуы кезінде де анықталуы мүмкін.
Сынықтың тұсындағы деформация мен қан құйылу жиі анықталатын
белгілерге жатады. Қан құйылу көлемі бұлшықет тамырларының жыртылуына, периост пен сүйек кемігінің зақымдалу дәрежесіне байланысты болады. Мысалы, балтыр сүйектері сынғанда, зақымдалған аймақтағы аққан қанның мөлшері 500 мл-ге дейін жетуі мүмкін. Ортан жіліктің диафизі сынғанда - 700-1000 мл, жамбас сүйектері сынғанда - түзілген гематомада 3 литрге дейін қан болуы мүмкін. Сынған аяқ-қолдың деформациясы ісінумен, қанның құйылуымен және сынық ұштарының ығысып жылжуымен сипатталады.
Аяк пен қолдың қызметінің бұзылуы сүйек жарықтарында, бір-біріне
енген (қағылған) сынықтарда байқалмауы мүмкін. Ал егер болса, тек тіреп тұру қызметі ғана бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет