Фиксация - емдеудің екінші қадамы. Оның міндеті - тұтасып біткенге
дейін, сүйектің сынған ұштарын дұрыс қалыпта ұстап бекітіп тұру болып
табылады. Ол негізгі үш әдіспен жүзеге асырылады: гипс таңғышын салу, каңқалық тарту (созу) және остеосинтез жасау.
Сынықтарды гипс таңгышымен емдеу жеке-дара тәсіл ретінде кең қолда-
нылады, сонымен қатар металлоостеосинтез және қаңқалық тарту кезінде қосымша әдіс ретінде жүргізіледі.
Гипс - бұл кальций сульфаты - өте ұсақ ұнтақ, сумен араластырғанда
ботқа тәрізді масса пайда болады және бірнеше минутта қатып қалады. Гипс таңғышын салу үшін, алдымен гипсті дәке орағыштарын дайындап алады. Оны дәке орағыштарына гипс ұнтағын сеуіп жағу арқылы жүзеге асырады. Гипсті қолданар алдында, оның жарамдылығын тексеріп алады. Сақтау кезінде ол дымқылданып, жарамсыз болып қалуы мүмкін, сондықтан оны алдын-ала қыздырып, електен өткізіп алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |