Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет143/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2
Сынықтарды емдеу
Зардап шеккен науқасқа дұрыс және дер кезінде алғашқы көмек көрсетілсе, жақсы емделіп шығуының себепшісі болады. Сынықтарда көрсетілетін алғашқы көмек:

  • ашық сынықтарда қансырауды тоқтату;

  • зақымдалған аяқ-қолды бекіту (иммобилизациялау);

  • ауыру сезімін басатын дәрілерді енгізу;

  • зардап шеккен адамды ауруханаға тасымалдау.

Науқасты жедел жәрдем көлігімен тасымалдаған дұрыс. Қолдары сынған
адамдарды отырған қалыпта, аяқтары сынғанда - жатқан қалпында, ал
жамбас сүйектері сынғанда - «бақа» тәріздес қалпында тасымалдау керек.
Омыртқалардың компрессионды сынықтарында науқасты ішіне жатқызып, қолын иегінің астына орналастырғызады да, жұмсақ зеңбілмен тасымалдайды. Егер зеңбіл қатты болса, науқасты арқасына жатқызып, сынған омыртқалардың
астына валик кояды.
Сынықтарды емдеу үшін, қазіргі таңда гипс таңғыштары, қаңқалық тарту, ошақтан тыс компрессионды-дистракционды остеосинтез, оперативті ем шаралары қолданылады.
Науқасты шоктан шығарғаннан кейін, қансырауды тоқтатып, аққан қанның орнын толтырғаннан соң ғана, сынықты белсенді емдеуге кірісуге болады.
Қазіргі кезде сынықты емдеудің мақсаты - сүйектің анатомиялық бүтіндігі мен аяк-қолдың қызметін қалпына келтіру болып табылады.
Сынықтарды емдеу үрдісі бірнеше қадамнан тұрады.
1. Дұрыс жансыздандыру.
2. Сүйек сынықтарын түзету - репозиция.
3. Тұтасып біткенге дейін, сүйектің сынған ұштарын дұрыс қалыпта ұстап бекітіп тұру - фиксация (иммобилизация).
4. Сүйектің тұтасып біту (консолидация) үрдісін жылдамдату, аяқ-қолдың қызметін қалпына келтіру.
Жаңа сынықтарда жансыздандыру сынық аймағына 20-30 мл 1-2% ново-
каин ерітіндісін енгізу, Вишневский әдісімен футлярлы новокаинді қоршау жасау, өткізгіштік, перидуральді, сүйекішілік анестезияны қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кейде, әсіресе ескірген сынықтарда түзету наркозбен жүргізіледі.
Репозиция - бұл сынған сүйектің ығыскан ұштарын сәйкестендіріп түзе-
ту (түйістіру, қалпына келтіру) болып табылады. Репозиция ашық (қанды) және жабық болуы мүмкін. Ол бір мезетті түзету және көп мезгілді (ұзаққа созылған, біртіндеп түзету) болып бөлінеді. Аяқ-қолдың жаңадан пайда болған сынықтарын, ортан жіліктің сынығын есептемегенде, бір мезетте репозиция жасауға болады. Біртіндеп түзету ескірген сынықтарда және ортан жіліктің сынықтарында қолданылады.
Бір мезетті түзетуді қолмен немесе әртүрлі аспаптарды пайдаланып
орындауға болады. Біртіндеп түзету қаңқалық тарту арқылы немесе
компрессионды-дистракционды аспаптардың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл әдістердің негізгі мақсаты - тарту арқылы проксимальді сынықтың білігінің бойымен бұлшықеттерді созып босаңсыту және қарсы тарту болып табылады. Сынған сүйек ұштарының арасы тартылып ашылады да, олардың ығысуы жойылып, сынықтың шеткі (перифериялық) ұшы орталық ұшына сәйкестендіріліп орнықтырылады. Сынық ұштарының дәлме-дәл (тура) орнығуы сынықтың тез бітісіп, қызметінің толық қалпына келуіне ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет