Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет146/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Лейкопластырлық тарту сирек орындалады. Негізінен балалар тәжіри-
бесінде қолданылады, өйткені оларға қаңқалық созуды жүргізуге болмайды.
Аяқ сүйектері сынғанда, оны Беллер шинасының үстіне қойып, созуды
жүзеге асырады. Қаңқалық тартуды спицаларды, қапсырма шегелерді
(скобаларды) және жай шегелерді пайдаланып жүргізеді. Жиі спицаны
қолданады, ол дрель арқылы сүйектен өткізіліп, арнайы (жебе тәрізді) доғаға
бекітіледі (ЦИТО қапсырмасы).
Осының барлығы операция бөлмесінде асептика шараларын катаң
сақтап орындалады. Спица кіргізетін жердегі теріні 1% йодонат ерітіндісімен
өңдейді, оның кіретін және шығатын жерлерін 20-40 мл 0,25% новокаин
ерітіндісімен жансыздандырады. Спицаны енгізгеннен соң, оның кірген және
шыққан тесіктерін залалсыз таңғышпен жауып қояды.
Спицаларды аяқ сүйектері сынғанда ортан жіліктің бұдырмағынан, ортан
жіліктің айдаршықтары мен үлкен ұршығынан, толарсақ үсті аймағынан,
өкшеден өткізеді, тоқпан жілік сынғанда - айдаршықтарынан және шынтақ
сүйегінің шынтақ өсіндісінен жүргізеді.
Репозиция үшін қажет жүктің салмағы сынықтың түріне, орналасуорнына,
науқастың дене салмағына байланысты болады. Шамалап есептегенде, оның
салмағы ортан жіліктің сынықтарында дене салмағының 15% және сирақ
сүйектерінің сынықтарында 10% құрайды.
Қарсы тарту күші дене салмағымен жүзеге асырылады, ол үшін науқас
жатқан төсектің аяқ жағын көтеріп қояды. Оның биіктігі пайдаланылатын
жүктің салмағына байланысты болады. Сынық бөліктерінің репозициясы
2-3 күнге созылады, одан кейін сүйек сүйелінің түзілуі - репарация кезеңі
басталады, ол орташа есептегенде 4-5 аптаға созылады.
Репозиция мақсатымен жүкті біртіндеп, тәулік ішінде 4-5 кг-нан бастап, әрбір 2-3 сағат сайын 1-2 кг-ға арттырады. Репозицияға жеткеннен кейін, жүкті 4-5 кг-ға дейін азайтады. Спицаның көмегімен қаңқалык тартуды 80 немесе одан да көп күнге дейін жүргізуге болады. Спицаларды көрсетілген мерзімнен бұрын алып тастаудың көрсеткіші, оның айналасындағы қабыну үрдісі мен ауыру сезімінің дамуы болып табылады. Ол спицалық остеомиелит ауруының белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда спицаны қабыну белгілері жоқ жерден «тістеп» қиып, қабынған жағынан суырып алады.
Тұрақты(үнемі) тартудытаспа(лямка), манжетжәнеілмектердіңкөмегімен
жүзеге асырады. Емдеу қағидасы қаңқалық тартуға ұқсас болып келеді.
Мойын және жоғарғы кеуде омыртқалары сынғанда репозицияны еңкейтілген жазықтықта Глиссон ілмегінің көмегімен орындайды. Ілмекті төсектің бас жағына бекітіп, төсектің басын 50-60 см-ге дейін көтереді. Сынған сүйектер орнына келгеннен соң, төсектің басын 25-30 см-ге дейін түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет