Қабырга аралық қоршау.
Көрсеткіші: Қабырғалардың сынуы.
Орындалу тәсілі: Науқас жатқан немесе отырған қалыпта орналасады.
Новокаин ерітіндісін сыныққа сәйкес қабырға аралығына, омыртқаның
кылкан өсіндісі мен жауырынның ортасында орналасқан нүктеден енгізеді. Инені қабырғаға бағыттап, кейін тамыр-нерв өрімінің тұсына жеткізеді. 0,25% новокаин ерітіндісінің 10 мл енгізіледі. Әсерін жоғарылату үшін, 10 мл новокаинге 1 мл 960 спиртті қосады (спирт-новокаинді қоршау). 0,5% новокаин ерітіндісін де пайдалануға болады.
Паравертебральді қоршау.
Көрсеткіші: Қабырғалардың сынуы, қатты ауыру сезімдік түбіршелік
синдром (омыртқалардың дегенеративті-дистрофиялық аурулары).
Орындалу тәсілі: Анықталған орынға инені енгізеді, ол қылқан өсінді-
лердің сызығынан 3 см алшақ жерде болуы керек. Инені теріге перпендикуляр бағытта көлденең өсіндіге тірелгенге дейін итереді. Сонан соң, инені жоғары қозғалтып, 0,5 см-ге тереңдей түседі де, 0,5% новокаин ерітіндісінің 5-10 мл енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |