Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Даму ақаулары,жіктелуі, Хирургиялық ем



бет181/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

2. Даму ақаулары,жіктелуі, Хирургиялық ем
Даму ақаулары (аномалиялары) - бұл ұрықтың кұрсақішілік жетілуінің бұзылыстарының нәтижесінде дамитын, қызметінің өзгеруімен немесе жойылуымен сипатталатын, ағзалар мен тіндердің кұрылысының кемістіктері болып табылады. Туа біткен ақаулар 0,3-2 % жағдайда кездеседі. Этнологиясы. Даму ақаулары тератогенді факторлардың әсерінен пайда болады. Әсіресе, олардың қауіптілігі жүктіліктің алғашқы апталарында артады (3-5 -ші күндері және 3-6 - шы апталарда). Тератогенді факторларды шартты түрде ішкі және сыртқы деп бөледі.
1. Ішкі факторларға генетикалық кемістіктер гаметопатиялар (гендік және хромосомдык мутациялар) жатады.
2. Сыртқы факторлар:
Инфекциялык - анасының жүктілік кезінде сырқаттануы ( вирусты аурулар - желшешек, кызылша, герпес; бактериялық аурулар — скарлатина, дифтерия, мерез, кейбір протозойлы аурулар токсаплазмоз, листериоз, цитомегалия және т.б. );
физикалық - иондаушы сәулелер, әйелдің жүктілік кезінде жаракат тануы; вибрация, қызып кетуі мен суықтауы;
химиялык - улы химиялык заттар (пестицидтер, инсектицидтер), дәрі - дәрмектер (кейбір антибиотиктер, седативті және психотропты дәрілер). никотин, алкоголь; анасының аурлары - қант диабеті.
Жіктелуі
1. Ағзалардың көлемінің өзгеруіне байланысты: гиперплазия (гипергенезия – ішектен тыс дамуы; гипоплазия (гипогенезия) - толық жетілмеуі; аплазия (агенезия, атрезия) — ағзаның (саңылауының) болмауы.
2. Ағзаның пішінінің өзгеруіне байланысты: таға тәрізді бүйрек; екі мүйізді жатыр; маймақ аяқтық.
3. Агзаның орналасуының өзгеруіне байланысты: дистопия; гетеротония; эктопия.
4. Ағзаның санының өзгеруіне байланысты: бүйректің екіге ажырауы; полидактилня; косымша үйкы безі; қосымша қабырғалар.
5. Атавизмдер: мойынның орталық және бүйірлік кисталары; мойынның жыланкөздері.
6. Дупликациялық ақаулар: жабысқан егіздер.
БЕТТІҢ ДАМУ АҚАУЛАРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет