Жедел гематогенді остеомиелиттің дамуына ықпал ететін факторлар:
жұмсақ тіндердің іріңді аурулары (сыздауық, карбункул және т.б.);
созылмалы инфекция (созылмалы тонзиллит);
жедел жұқпалы аурулар (тұмау, жедел респираторлы аурулар, ангина),
нәтижесінде иммунды қарсылықтың төмендеуі;
жарақаттар (соғылу);
көктемдегі құбылмалы ауа райы (салқындау).
Жедел гематогенді остеомиелиттің клиникалық түрлерінің көрінісі:
жергілікті түрі;
жайылған (генерализацияланған) түрі;
улы (токсикалық) түрі;
септикопиемиялық түрі.
Жедел гематогенді остеомиелиттің басталуы дене қызуының
жоғарылауымен, интоксикация белгілерінің пайда болуымен, аяқ-қолдағы ауырусезімінің тұрақсыздығымен сипатталады. Бұл әсіресе көктем айларында байқалады, себебі ол кезде аденовирусты инфекциялар кең таралған.
Сондықтан, жедел гематогенді остеомиелит анықталмай, диагноз уақытылы қойылмайды. Жедел токсикалық түрінде температура бірден 39-40°С дейін көтеріледі, жалпы интоксикация белгілері мен аяқ-қолда қатты ауыру сезімі пайда болады.
Жергілікті белгілер дамып үлгермейді, шок жағдайы туындайды.
Септикопиемиялық түрінде жергілікті өзгерістер және әртүрлі ағзалар
мен тіндердегі іріңді ошақтардың түзілуі, науқастың жалпы жағдайының нашарлауымен қатар жүреді. Науқастарға диагнозды кеш қоюдың нәтижесінде асқынулар дамуы мүмкін - іріңді артрит, сүйек кемігінің флегмонасы, сүйек қабыастылық абсцесс, бұлшықетаралық немесе параоссальді флегмона.
Сондықтан, жедел гематогенді остеомиелитті ерте анықтаудың және оны дұрыс емдеудің маңызы зор. Диагнозды нақтылау үшін, анамнезін (ықпал ететін факторларды) анықтау және науқасты клиникалық зерттеуден өткізуден басқа, көптеген қосымша тексеру әдістерін пайдалану қажет.
Қанның жалпы талдауында іріңді қабыну үрдісіне сәйкес өзгерістер
(лейкоцитоз, лейкоцитарлы теңдеудің солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы)
анықталады. Қанның биохимиялық талдауында альбуминдердің азаюы мен а- жәнев глобулиндердің жоғарылауы байкалады. Электролиттік алмасу бұзылады- гипокалиемия, гипонатриемия дамиды, сүйек тінінің деструкциясының салдарынан қанда кальций мен фосфордың мөлшері көбейеді. Инвазивті емес зерттеу әдістерінің ішінде терілік электротермометрия, жылуды көру және ультрасонография (ерте кезеңде мағлұмат аз береді) қолданылады.
Міндетті түрде аяқ-қолдың динамикалық рентгенографиясы орындалады, бірақ сүйек тінінің зақымдалу белгілері ауру басталғаннан кейін, 2-3 аптадан соң ғана анықталады, ал емшектегі балаларда - бір аптадан соң байқалады. Алайда жанама белгілерін, әсіресе электрорентгенография арқылы ошақтың жанындағы жұмсақ тіндердің өзгерістерін ерте анықтауға болады. Кейбір
жағдайда гамма-сцинтиграфияны қолдану арқылы ауруды ерте кезеңде
анықтап, диагнозды қоюға болады. Инвазивті әдістердің ішінде ауруды ерте кезеңде анықтауға арнайы инемен сүйекке пункция жасау көмектеседі, осы кезде ине арқылы сүйекішілік термометрия мен остеотонометрияны жүргізуге болады. Сүйектің ішінде температураның және қысымның жоғарылауы жедел гематогенді остеомиелиттің ерте кезеңінде байқалады. Сонымен қатар, иненің көмегімен пунктантты алуға болады, оны цитологиялық және бактериологиялық зерттеуден өткізеді, бұл қоздырғыштың түрін және оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға мүмкіндік береді. Емдік мақсатпен
осы ине арқылы сүйектің ішіне антибиотиктерді енгізуге болады. Жедел
гематогенді остеомиелит диагнозы дәлелденген соң, оны тез-арада емдеуге кіріскен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |