Қан құюдың қарсы көрсеткіштерін анықтау. Оларға мыналар жатады:
жүрек қызметінің декомпенсациясы;
мидың қан айналымының бұзылуы;
тыныс жетіспеушілігі;
тромбоэмболиялық ауру;
жедел бүйрек жетіспеушілігі;
ауыр бауыр жетіспеушілігі;
аллергиялық жағдай.
Қан құюдың қарсы көрсеткіштерін бағалауда трансфузиологиялық және аллергологиялық анамнездің маңызы зор. Реципиенттердің қауіпті топтарын анықтайды. Оларға бұрын (3 апта бұрын) кан құю шарасы жүргізілген, әсіресе әртүрлі реакция байқалған науқастар, анамнезінде қауіпті жүктілік, түсік немесе гемолитикалық және сары аурумен дүниеге келген нәрестелері болған әйелдер, ыдыраулы қатерлі ісіктері, қан аурулары, созылмалы іріңді сырқаты бар науқастар жатады. Бұл кезде қанда резус-антиденені немесе басқа
антиденелерді анықтау қажет. Бұл науқастарға міндетті түрде абораторияда жанама Кумбе реакциясын қолданып, қан сәйкестік сынамасын анықтап тексереді.
Қан құюға абсолютті, өмірлік көрсеткіштер болғанда (шок, жедел қан
жоғалту, ауыр анемия, тоқтамай жатқан қансырау, ауыр жарақаттық операция) карсы көрсеткіштерді ескермей қанды құя береді. Мұндай жағдайда қанның белгілі бір бөлшектері мен өнімдерін пайдаланып, асқынулардың алдын- алу шараларын жүргізеді. Аллергиялық ауруларда, бронхиальді астмада кан кұю шұғыл көрсеткіштермен өткізілетін болса, асқынулардың алдын- алу үшін, десенбилизиялық дәрі-дәрмектерді енгізеді (кальций хлоридін, антигистаминді заттарды, кортикостероидтарды), ал қан компоненттеріннің
ішінен ең аз антигенді әсері бар затты, мысалы жібітілген жуылған
эритроциттерді қолданады. Қанды плазма алмастырушы сұйықтықтармен қосып енгізу керек, ал операция кезінде аутоқанды колданған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |