Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет170/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Қан құюдың негізгі тәсілдері
Қанды венаға құю. Бұл қан құюдың негізгі жолы. Ол үшін шынтақ
венасының пункциясын немесе бұғана асты көктамырының катетеризациясын колданады. Сирекжағдайда, венесекция жасалады. Шынтак венасына пункция жасау үшін, иығының төменгі үштен біріне бұраусалады, операциялықаланды спиртпен немесе йодпен өндейді. Бұраумен тек қана көк тамырларды кысады, артериялар өтетін болу керек және жұдырықты жұмған кезде бұлшықеттер жиырылып, веналар жаксы көріне бастайды.
Инемен терісін, тері асты шел қабатын теседі, венаның бойымен инені тері асты шел қабатында жылжытып, көк тамырдың алдыңғы қабырғасын теседі. Инеден қанның көрінуі венаға пункция жасаудың дұрыстығының белгісі. Қан тобын анықтау және сәйкестілік сынаманы жсау үшін, венадан 3-5 мл кан алады. Содан соң, бұрауды шешеді де, инеге дүйені жалғайды. Инені теріге лейкопластырьмен бекітеді.
АВО жүйесімен кан тобы мен резус-факторды анықтағаннан кейін және
сәйкестілік сынамаларды өткізгенен соң, жүйені жалғап, гемотрансфузияны бастайды.
Беткей жатқан көк тамырларға пункция жасау мүмкіндігі болмаса
(шокта, семіру кезінде), қан құюды венесекция жолымен жүргізеді. Ол
үшін, операциялық алаңды спиртпен немесе йодпен өңдейді, залалсыз
оперпциялық жапқышпен жабады. Кесетін жерін 0,25% новокаин ерітіндісімен инфильтрациялайды. Артерияларды қыспай, аяқ-қолға бұрау салынады. Теріні, тері асты шел қабатын тіліп, пинцетпен венаны ажыратып алады. Астынан 2 лигатураны өткізеді, шеткі жіпті ұстап тұрады. Көк тамырды ортаға қарай тартып, пункция жасайды немесе қабырғасын қайшымен тіледі де, инені енгізеді. Инеге қан құюға арналған дүйені жалғайды да, терісіне 2-3 тігіс салады.
Қан кұю аяқталғанда, қан жүйесінде 20 мл қан қалады, жүйені қысып,
оны ажыратады да, инені шығарып алады. Пункция немесе венесекция орнын спиртпен немесе йодпен өндеп, қысып тұратын таңғыш салынады.
Үзақ уақыт(бірнешекүн)сүйықтықтарды, қанды және оның бөлшектерінен енгізу қажет болған жағдайларда, бұғана асты немесе сыртқы мойындырық венасына пункция жасап, куысына арнайы, ұзак уақыт тұратын (бір айға дейін) катетер енгізіп, қан немесе транфузиялық орталарды қүюға арналған жүйені жалғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет