Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет172/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2
Қанды қолқаның ішіне құю. Оны торакальді операция жасау барысында массивті қан жоғатудан дамыған клиникалық өлім жағдайында жасайды.
Қанды құю шеткі артериялар (жиірек сан, сирек иық артериядан) арқылы
қолқаға өткізілген катетердің көмегімен іске асыруға да болады. Қан күю
қысыммен артерияға құйғандай жүйемен орындалады.
Қанды сүйектің ішіне құю. Бұл тәсіл өте сирек, басқа жолмен енгізу
мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Мысалы, үлкен көлемді күйіктерде.
Қанды кемікті сүйектерге құяды - төске, мықын сүйегінің қырына, өкше
сүйегіне.
Науқасты жатқызып қойып, төс сүйекке пункция жасайды. Жергілікті
жансызданумен инені төстің тұтқасына немесе денесіне енгізеді. Ол үшін арнайы Кассирский инесі қолданылады. Операциялық аланды йодпен өңдейді. Тесікті орта сызықпен өткізеді, теріні, тері асты шел қабатын, төсті теседі. Төстің алдыңғы сүйек жарғағы кедергі жасауы мүмкін. Мандренді алып, ине арқылы шприцпен сүйек кемігін сорады. Содан соң, ине арқылы сүйек кемегіне 3-5 мл новокаиннің 1-2% ерітіндісін енгізіп, қан құю жүйесін қосады.
Мықын сүйегінің қырын артқы үштен бір бөлігінің ортасында теседі,
өйткені сол жердегі кемікті сүйек борпылдақ болады және енгізу онай
жүргізіледі.
Өздігінен сүйекке 1 минутта 10-30 тамшы қан ағады және 250 мл қанды
құю үшін, 2-3 сағат керек. Енгізу жылдамдығын арттыру үшін, флаконды жоғары көтеруге немесе 220 мм. сын, бағ. қысыммен флаконға ауа үрлеп, қанды қысыммен жіберуге болады.
Қан құю - бұл тірі тіндердің трансплантация операциясы. Бұл әдіс көп
клиникада кең таралған. Қан құю әдісін әртүрлі дәрігерлер қолданады:
хирургтар, акушер-гинекологтар, травматологтар, терапевттер, бала емдейтін дәрігерлер және т.б.
Сонғы ғылыми жетістіктердің арқасында, қан құю кезінде кездесетін
негізгі асқынуларды ескертуге мүмкіндік берді, олар өкінішке орай кездеседі және кейде тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Асқынулардың себептеріне қан құю кезіндегі қатерліктер, трансфузияологияны дұрыс білмеу, қан құю тәсілін бұзу жатады. Яғни, қан құюдың көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін дұрыс бағаламау, қан тобы мен резус-факторды қате анықтау, донор мен реципиент арасындағы қан сәйкестік сынамасын дұрыс дүргізбеу және т.б. жағдайларда аскынулар байкалуы мүмкін. Қан құю ережелері сауатты орындалса және дәрігерлік қан құю іс-әрекеттері дұрыс өткізілсе, асқынулар болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет