Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет171/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Қанды артерияға құю. Көрсеткіштері: көп мөлшерде қан жоғалтудың
салдарынан болған клиникалық өлім жағдайы (тыныс алу мен жүректің
тоқтауы), ұзақ уақыт артериялық қысымның (60 мм. сын. бағ. дейін)
төмендеуімен сипатталатын ауыр жарақаттық шок, венаға құйылған
қанның нәтиже бермеуі. Артерияға қанды енгізудің емдік әсері жүрек-
тамыр қызметінің рефлекторлы ынталануы мен тәждік тамырлардағы қан айналымының қалпына келуімен сипатталады. Әсер ету үшін, қанды 200 мм. сын. бағ. қысыммен 1,5-2 минутта 200-500 мл жылдамдықпен енгізеді. Жүрек қызметі қалпына келгенде, қысымды 120 мм. сын. бағ. дейін төмендетеді, ал тамыр соғуы айқын анықталғанда, канды венаға құюға көшеді; систолалық қан қысымы 90-110 мм. сын. бағ. тұрақтанғанда инені көк тамырдан шығарады.
Интраартериальді құятын жүйе венаға құятын жүйеге ұқсайды, бірақ
айырмашалығы - флаконға енгізілетін ұзын инеге ауаны сығып үрлеу
үшін, үштармак арқылы манометрмен қосылған Ричардсон баллонын
орналастырады. Артерияны тері арқылы Дюфо инесімен теседі немесе
артериосекция жасалады. Пункцияға сан, иық артериясын пайдалануға болады. Артериосекцияны, көбіне кәрі немесе артқы асықты жілік артерияларына жасайды. Операцияны жергілікті инфильтрациялық анестезияны колданып орындайды.
Қанды қысыммен айдағанда ауа эмболиясының дамуқаупі бар. Сондықтан, жүйедегі қан бағанасын қалдағалау және дер кезінде жүйені қысқышпен қысу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет