Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет167/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Аутогемотрансфузия деп - науқасқа операцияның алдында немесе
операция кезінде алынған өзінің қанын қайтадан құюды айтады.
Аутогемотрансфузияның максаты - операция кезінде жоғалған қанды
науқастың өзінің қанымен толтыру. Аутогемотранфузия донорлық қанды
құйғанда мүмкін болатын асқынулардың алдын алады: реципиенттің
иммунизациясы, гомологиялық қан синдромының дамуы.
Аутогемотрансфузияның көрсеткіштері: науқаста сирек кездесетін
қан тобының болуы, донорды табу қиындықтары, пострансфузиялық
асқынулардың даму қаупі, көп мөлшерде қан жоғалтатын операциялар.
Аутогемотрансфузияға қарсы көрсеткіштер: кахексия кезеңіндегі бауыр мен бүйректің өте ауыр сырқаттары, қатерлі ісіктің сонғы сатылары.
Аутотрансфузияға пайдаланатын қанды операцияға дейін 4-6 күн
бұрын алу керек, себебі жоғалған қанның мөлшері осы уақытта қалпына
келеді, ал алынған қан өзінің қасиетін жақсы сақтайды. Жоғалған қан тек
тінаралық сұйықтықтың қан арнасына түсуімен ғана емес, сондай-ақ қан
түзу қызметінің белсенділігінің артуымен де толтырылады. Сондай тәсілмен дайындалған қанның мөлшері 500 мл-ден аспауы керек. Операцияға ұзақ уакыт дайындағанда қан үздік-үздік алынады, 15 күнге дейін 1000 мл, тіпті 25 күнге дейін 1500 мл қан алуға болады. Мұндай әдіспен ең алдымен науқастан 300-400 мл қан алып, оны 4-5 күннен кейін қайтадан құяды да, одан тағы да алдыңғысынан 200-250 мл-ге көбірек қан алады, осы тәсілді 2-3 рет қайталайды. Бұл әдіспен көп мөлшерде қан дайындауға болады, ал аутоқан өз сапасын сақтайды, өйткені оны сақтау мерзімі 4-5 тәуліктен аспайды.
Қанды сақтау үшін, «Глюгицир»және«Цитроглюкофосфат» консервілеуші ерітінділерді қолданады. Қан консервантпен бірге флакондарға құйылып, +40С температурада сақталады. Өте төмен температурада (-196°С) аутоқанды мұздату жолымен сақтауға болады.
Операция кезінде қан жоғалтуды азайту әдістерінің біріне гемодилюция
(қанды сұйылту) жатады, оны операция алдында жасайды. Науқас операция кезінде сұйылтылған қанды жоғалтады, ал оның құрамында қан түйіршіктері мен плазмалық факторлардың мөлшері төмен болады.
Аутотрансфузияға арналған қанды операцияның алдында, эксфузия
өткізген кезде дайындайды және сол мезгілде құрамында реополиглюкин, 20% альбумин мен Рингер-Локк ерітінділері бар гемодилютантты енгізеді. Орташа гемодилюция кезінде алынған қанның мөлшері 800 мл-ден аспауы керек, ал енгізілетін сұйықтықтың көлемі 1100-1200 мл (реопллиглюкин - 400 мл, Рингер-Локк ерітіндісі - 500-600 мл, 20% альбумин ерітіндісі – 100 мл) болуы тиіс. Үлкен гемодилюция 1200 мл қан мөлшерін алуды және 1600 мл (реополиглюкин - 700 мл, Рингер-Локк ерітіндісі - 750 мл, 20% альбумин ерітіндісі - 150 мл) ертінділерді енгізуді талап етеді. Операция аяқталғаннан кейін, аутосқанды науқасқа қайтып құяды.
Операция кезінде қанды аз мөлшерде жоғалту үшін, гемодилюция
әдісі операция алдында да колданылады, ол кезде эксфузия жасалмайды,
кан тамырына ЦҚК-ң жоғарылататын коллоидты инфузиялық орталарды
(альбумин, полиглюкин, желатинольді) және тұз-электролитті плазма
алмастырушы ерітінділерді (Рингер-Локк ерітіндісін) қосып енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет