Қанды алмастырып құю. Реципиенттің қан ағу жүйесінен қанды түгел-
дей немесе жартылай мөлшерде алып тастап, орнына басқа қанды құйып
толтырады. Алмастыру трансфузиясын мынадай ауруларда қолданады: жаңа туған нәрестелердегі гемолитикалық ауру, гемотрансфузиялық шок, бүйректің жедел жетіспеушілігі. Алмастырып құйғанда, алынған қанмен бірге, бұзылған эритроциттер де кетеді. Қанды құю алмастыру мақсатымен іске асырылады. Алмастырып күю үшін, жаңа консервіленген немесе сақтау мерзімі аз консервіленген қанды пайдаланады. Қанды жоғарыда айтылғандай кез-келген тамырға құяды, эксфузия ұзақ жасалатын шара болғандықтан, қанның ұйып
калмауы үшін, ірі тамырлардан немесе артериядан алады. Қанды алу мен
донор канын құюды бір мезгілде жасайды, оның орташа жылдамдығы 15-20 минутта 1000 мл болады. Қанды толық алмастыру үшін, 10-15 л донорлық кан қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |