Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет168/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Аутоплазмотрансфузия. Гомологиялық қан синдромы болмау және
операция кезінде жоғалған қанның мөлшерін толтыру үшін, науқастың
өзінің плазмасын енгізуге болады. Аутоқанды дайындаған кезде жоғалған қанның орнын толтыру үшін, аутоплазмотранфузияны қолдануға болады. Аутоплазманы плазмаферез әдісімен дайындап, оны консервілейді; бір сәтте плазманың 500 мл мөлшерін алуға болады. Эксфузияны 5-7 тәуліктен кейін қайталауға болады. Консервант ретінде глюкозо-цитратты ерітіндіні қолданады. Операциялық қан кетудің мөлшерін толтыру үшін, аутоплазманы қан алмастырушы немесе қан құрамының бөлігі сықылды құяды. Аутоплазма мен жуылып жібітілген эритроциттерді қосып құю, гомологиялық қан синдромының дамуын болдыртпайды.
Реннфузия әдісі басқалардан ертерек белгілі болған, яғни жарақаттық
зақымдардан кейін, операция кезінде немесе ішкі ағзалардың ауруына
байланысты құрсак немесе кеуде куыстарына төгілген қанды қайталап құю әдісі.
Кұрсақ қуысына төгілген қанның реинфузиясының көрсеткіштері:
жатырдан тыс жүктілік бұзылған кезде, көк бауыр, шажырқай тамырлары жыртылғанда; кеуде ағзаларының жабық зақымдарында - көкіректің ішіндегі тамырлар мен өкпенің жыртылуы кезінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет