Билет № 45
Антисептика. Анықтамасы. Жіктелуі. Иммунобиологиялық антисептика.
Іш қуысының жабық зақымдануы. Клиникасы, емі.
Антисептика деп-жараға түскен инфекцияға қарсы бағытталған шаралар кешенін айтамыз.
Антисептика механикалық, физикалық, және биологиялық болып бөлiнедi.
Механикалық антисептикаға- жараны жуып тазалау, ЖБХӨ, ЖЕХӨ, басқа да операциялар жатады.
Жараны жуып тазалау:
1.Іріңді экссудатты алып тастау.
2. Ұйымаларды алып тастау.
3. Жараның бетін тазалау.
ЖБХӨ.
1. Жараны тілу.
2. Жараны тексеру.
3. Жараның ернеуін, қабырғаларын, түбін және онда орналасқан бөгде заттарды, гематомаларды сылып алып тастау.
4. Зақымдалған тіндерді қалпына келтіру.
5. Тігіс салу.
ЖЕХӨ
1. Өліеттенген тіндерді кесу.
2. Бөгде заттар мен ұйымаларды алып тастау.
3. Іріңді қалталарды тіліп ашу.
4. Жараға дренаж қою.
Басқа да операциялар.
1. Іріңдіктерді тіліп ашу.
2. Іріңді қалталарды тіліп ашу.
3. Іріңдіктерге пункция жасау.
Физикалық антисептика деп - әртүрлі физикалық факторларды (ультрадыбыс, саулемен емдеу, лазерлi скальпель, дренаждар, тампондар кою және т.б.) колдана отырып, жараларды тазалауды айтамыз.
Физикалық антисептиканың түрлері:
1. Гигроскопиялық таңғыш қолдану (мақта, дәке, шариктер т.б.) қолдану.
2. Гипертониялық ерiтiндiлердi (5-10% NaCl) пайдалану.
3. Дренаж жасау (белсендi және белсенсiз, ағынды жуу).
4. Сорбенттерді колдану.
5. Сыртқы орта факторлары (кептіру).
6. Техникалық құралдар (ультрадыбыс, лазер, ультракүлгін сәулелер, рентгенотерапия және т.б.)
Химиялық антисептика деп – патологиялық ошақта немесе адам денесінде және оны қоршаған ортадағы микробтарды жою мақсатымен химиялық заттарды қолдануды айтамыз.
Антисептиктердің жіктелуі
1. Дезинфекция заттар – асептикада құрал – саймандарды өндеу үшін қолданылады.
2. Антисептикалық заттар – терінің сыртын, хирургтың қолын өңдеуде, жараны және кілегей қабатты жуып шаюда қолданылады.
3. Химиотерапевтік заттар – әртүрлі патологиялық ошақтағы бактериялардың өсіп-өнуін тежейтін, адам денесіне резорбивті әсер ететін, ішке енгізілетін заттар.
Биологиялық антисептика.
Биологиялық антисептика 2 бағытта әсер етеді:
1. Тікелей әсер – микроорганизмдерге тікелей әсер ететін, табиғаты биологиялық болып келетін фармакологиялық заттар.
2. Тікелей емес әсер – микроорганизмнің микроорганизмге қарсы тұру қабілетін ынталандыратын фармакологиялық заттар.
Микроорганизмдердің тіршілігін жоятын биологиялық заттарға жатады:
• антибиотиктер,
• ферменттер.
Иммунды заттар
Ағзаның инфекцияға қарсы тұру қабілетін жоғарылататын иммунды заттар:
• белсенді иммунизация үшін – анатоксиндер;
• белсенсіз иммунизация үшін – гипериммунды антистафилоккты сарысу, антистафилоккты гамма-глобулин, сіреспеге, гангренаға қарсы сарысулар;
• бейспецификалық иммуномодулятор: продигиозан, левамизол, лизоцим, тималин, Т- активин, иммуномодулин, интерферон, циклоферон, ридостин және ронколейкин.
2)
Стационарда емделетін барлық жаракаттардын 0,3% құрайды. Іштін жабык жарақатының 2 түрі бар: 1) ішкі ағзалардың зақымдалуынсыз; 2) ішкі ағзалардын закымдалуымен.
Бiрiншi түрiнде кұрсак кабыргасынын жеке-дара закымдалуы байкалады. Олар теріастылык және бұлшыкетаралык гематомалар. Жыртылған бұлшыкеттер мен ішастарынан ішкі ағзалар шығуы мүмкін – оларды жалған жаракаттык жарыктар деп атайды. Егер жыртылған бұлшыкет немесе апоневроз акауынан iшастарымен қапталған ішкі ағзалар шыкса, олар шынайы жаракаттык жарыктар болып есептеледі. Ондай патология оперативті жолмен емделедi. Тері астында бұлшыкеттердiн жыртылуымен косарланған, кұрсак кабыргасынын ауыр согылулары катты ауыру сезiмiнiн дамуымен, курсактын алдынгы кабыргасынын бұлшыкеттерiнiн катаюымен, кұсу және метиоризммен сипатталады. Бұл кезде ішкі ағзалардын зақымдалуын аныктау киынға түседі. Осындай жағдайда лапароцентез немесе лапароскопияны колданған жөн.
Ішкі ағзалардын закымдалуымен сипатталатын, iштiн жабык жарақаттары ете кауiптi болады және наукастардын өлiмiне әкелуі мүмкін. Себебі, бұндай жаракаттар жаракаттык шокпен, ішкі кансыраумен және перитонитпен аскынуы мүмкін. Осындай патологияда кандай симптомдарга көңіл аудару керек? 1) iшiнiң үнемi катты ауыруы, кейде закымдалган агзанын аймагында орналасуы мүмкін; 2) құрсақтың алдынгы кабыргасының бұлшықеттерiн рефлекторлы катаюы; 3) коллапс немесе шок.
Паренхиматозды ағзалардың закымдалуында, белгілері байкалады: наукас бозарган, суык жабыскак термен капталған, аяқ қолдары мұздаған, локсу, кусу, басынын айналуына шағымданады. Тамыр соғуы жиiлеген, әлсiз болады. АҚ төмендейді. Іштiн қуысты аймактарында перкуторлы дыбыстын тұйыкталуы аныкталады. Per rectum: тiк iшектiн алдыңғы қабырғасының томпайып түсуі анықталады. Диагнозды нақтылау үшін, әйелдерде қынаптын артқы күмбезiнiң пункциясы жасалады. Көбiне мұндай жағдайларда лапароцентез немесе лапароскопия жүргiзiледi. Құрсак куысында каннын аныкталуы, лапаротомия жасаудың абсолютті iшкi кансыраудын
Көрсеткіші болып табылады. Қансырауды тоқтатып, кұрсак куысына кұйылған канды алып тастау керек немесе реинфузия жасау кажет.
Құрсақ қуысынан алынган канды, тек екi жағдайда ғана реинфузия жасауга болады:
1.қуысты ағза закымдалмаса, өйткені закымдалған жағдайда қан инфицирленеді;
2. жаракат алғаннан 12 сагатка дейiнгi канды реинфузия жасауға болады, себебі осы уакыт өткеннен кейiн, кан гемолизге ұшырайды.
Ішкі куысты агзалар зақымдалғанда, олардын iшiндегi сұйықтықтар курсак куысына түсіп, оны инфицирлейдi. Науқаста жедел перитонит дамиды. Онын клиникалык белгiлерi: iшiнiң ауыруы; құрсақтың алдынғы кабырғасының бұлшыкеттерiнiң катаюы; тiлiнiң кұрғап, тұтықпен капталуы; бет әлпетінін сүйірленіп өзгеруі; бет терiсiнiн кою-сұр түске боялуы. Іші тыныс алу актiсiне катыспайды, ішектің перистальтикасы аныкталмайды. Щеткин – Блюмберг симптомы пайда болады. Құрсак куысынын жалпы рентгенографиясында диафрагма күмбезiнiн астында бос газдын белгiсi аныкталады. Жалпы кан талдауында – лейкоцитоз бен лейкоцитарлы тендеудiн солга ығысуы байкалады. Куысты ағзаның закымдалуына кудiк туғанда және клиникалык көрінісі түсініксіз болса, диагностикалык лапароскопия немесе лапаротомия орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |