1. Терілік күбіртке .
2. Тырнақтық күбіртке .
А ) паронихия ; В ) тырнақ айналасындағы күбіртке ; C ) тырнақастылық күбіртке . В.
3. Теріастылық күбіртке .
4. Сіңірлік күбіртке .
A ) II , II , IV саусақтардың іріңді тендовагиниті ; В ) І және V саусақтардың іріңді тендовагиниті , кәрі жіліктік және шынтақ тық тендобурсит .
5. Сүйектік күбіртке .
6. Буындық күбіртке .
7. Пандактилит .
Күбірткені емдеудің негізгі қағидалары Науқастар ауру сезімін әртүрлі сезінеді . Алғашқы сатыда қабынулық инфильтрация кезеңінде , ірің болмай тұрып , көбінесе ауру басталғаннан бері 12-14 сағат ішінде консервативті ем жүргізіледі :
Консервативті емнің түрлері :
1. Саусаққа қимылдық тыныштық жағдай жасау үшін , оған гипсті лонгетамен немесе шпательдің көмегімен иммобилизация орындалады . 2. Антибактериальді ем . Кең спектрлі әсер ететін антибиотиктер мен сульфаниламидтер ішке тағайындалады немесе антибиотиктерді парентеральді жолмен енгізеді . 3. Қыздырғыш спиртті компресстерді жергілікті пайдаланады . 4. Димексид пен фурациллинді жергілікті ( компресс ретінде ) қолданады . 5. Физиотерапия тағайындалады : ионофорез , УЖЖ .