І дәрежелі үсікте — ауыру сезімі болады , қозғалғанда күшейеді ; аздаған гиперемия , ісіну байқалады ; терісі ұстағанда жылы , ауыру және сипап - сезу сезімталдықтары жылытқаннан соң қалпына келеді , буындағы қозғалыстар белсенді болады . Ісіну мен гиперемия 1 - ші аптаның соңында жоғалады .
ІІ дәрежелі үсікте – терінің жартылай өліеттенуі байқалады , өсу қабаты зақымдалмаған , бұл жараның өздігінен эпителиймен қапталуын қамтамасыз етеді . Көпіршіктердің пайда болуы ІІ дәрежелі күйікке тән . Олар жарақаттан кейін 1-2 тәуліктен соң , кейде 3-5 -ші күндері пайда болады . Тырнақтары түсуі мүмкін , бірақ оларды жұлғанда ауырады .
Достарыңызбен бөлісу: |