Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет214/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Үсік ( congelatio ) – қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі . Суыққа ұшыраған адамдардың 38-60 % мүгедек болып қалады . Қоңыржай климатты аймақтарда үсіктік жарақаттар 1 % құрайды . Қиыр Солтүстікте және суық климатты аймақтарда бұл көрсеткіш 6-10 % жетеді . -30 ° С температурада үсіктің дамуының себебі мұздай ауаның әсері болса , ал одан жоғары температурада ауаның ылғалдылығы мен желдің жылдамдығы үсіктің дамуында маңызды орын алады . Желдің жылдамдығы өскен сайын , жылудың жоғалуы да арта түседі . Қоршаған ортаның температурасы -20 ° C , желдің жылдамдығы 20 м / сек болса , онда желсіз жағдайда -52 ° С - ғы температураға теңеседі . Қоршаған ортаның суықтық әсері ауаның ылғалдылығына байланысты болады .
Жалпы хирургия Қоршаған ауның температурасы 0 ° С , бірақ ылғалдылығы жоғары болғанда аяқ - қолдың терең үсікке ұшыраған кездері байқалған . Көптеген авторлардың деректерінде , бейбітшілік кезде үсікті жарақаттар адам мас болған жағдайда дамитындығы көрсетілген . Алкоголь жылуды реттеуші орталықтың қызметін тежеп , жылудың қоршаған ортаға бөлінуін күшейтеді.Төменгі температураның тіндерге тікелей әсер ететіні сөзсіз . Олардың тез - арада өліеттенуі -40 ° С дейін мұздағанда басталады . Күйіктің дамуында белгілі орынды тамырлық фактор алады ( тамырдың тарылуы , қан түйіршіктерінің агрегациясының және қанның тұтқырлығының артуы , тромбоз ) .
Аяқ - қол үсігінің клиникалық көрінісі мен диагностикасы
Үсіктік жарақаттанудың ағымында 2 кезеңді ажыратады : реактивтіге дейінгі кезең ( аяқ - қолды жылытқанға дейінгі ) және реактивті кезең ( жылытқанда ) . Әрбір кезеңнің өзіне тиісті клиникалық белгілері болады .
Реактивтіге дейінгі кезең : зақымдалған аяқ - қолдың терісі бозғылт , ұстап тексергенде суық болады . Сезімталдығы әлсіреген , кейде күйіп жатқандай сезім , парестезия байқалады . Шеткі тамырлардағы пульсация әлсіреген , теріні инемен шаншығанда қанның тамшысы шықпайды . Жарақаттың тереңдігіне байланысты буындардағы белсенді қозғалыстар жоғалуы мүмкін . Осы кезеңде зақымдалу дәрежесін ( тереңдігін ) болжау қиын .
Реактивті кезең : Науқасты жылытқанда аяқ - қолдың жылынғаны және гиперемия немесе айқын цианоз байқалады , кейде терісі мрамор түстес болады . Ауыру сезімі мен тіндердің ісінуі дамиды , янтарь түстес немесе геморрагиялық сұйықтыққа толған көпіршіктер пайда болады . Осы кезеңде де , алғашқы сағаттарда немесе тәуліктерде болжам жасау қиындыққа соғады .
Қазіргі кезде үсіктің 4 дәрежелі жіктелуі қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет