42-билет
1.Биологиялық антисептика. Антибиотиктердің жіктелуі. Биологиялық антисептиктердің қолданғанда болатын асқынулар.
Биологиялық антисептика екі бағытта әсер етеді:
1.Тікелей әсер - микроорганизмдерге тікелей әсер ететін, табиғаты биологиялық болып келетін фармакологиялық заттар.
2.Тікелей емес әсер макроорганизмнің микроорганизмге қарсы тұру қабілеттін ынталандыратын фармакологиялық заттар. Микроорганизмдердің тіршілігін жоятын биологиялық заттарға жатады:антибиотиктер,ферменттер .
Антибиотиктер – микроорганизмдерден бөлінетін, белгілі бір микроорга низмдердің топтарының өсіп - өнуін және дамуын тежейтін заттар.
Антибиотиктердің негізгі топтары
Пенициллиндер – пеницилиннің натрий және калий тұздары,жартылай синтетикалық пенициллиндер - метициллин,ампициллин,амоксициллин,үдемелі әсер ететін пенициллиндер бициллин, бициллин - 3, бициллин - 5 ; біріктірілген пенициллиндер - ампиокс, аугментин, уназин.
Стрептомициндер - рибосомалардың қызметін, гемопоэзды тежейді, кең спектрлі әсер етеді, ото - нефро - гепатотоксикалық әсері бар. Оған стрептомицин жатады .
Тетрациклиндер - кең спектрлі дәрілер, кейде асқазан - ішек жолдары Қызметінің бұзылыстарына ұшыратады: жартылай синтетикалық тетрациклиндер – метациклин, доксициклин.
Макролидтер – микроорганизмдерде белок синтезін бұзады, гепатотокси калық әсер көрсетеді: эритромицин, олеандомицин, ристомицин, этоксид, этинамид, кларитромицин.
Аминогликозидтер - канамицин, гентамицин, тобрамицин, сизомицин, жартылай синтетикалық - амикацин, нетромицин.
Левомицетиндер – левомицетин.
Рифампициндер - рифампицин, рифадин.
Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер - леворин, нистатин, амфо терицин В, дифлюкан, микосист, низорал, флюконазол.
Цефалоспориндер – ципролет, уромакс, ципрокс, цифран.
Карбапенемдер – кең спектрлі әсер ететін, микроорганизмнің жасуша
қабырғасының синтезін бұзатын заттар. Біріктірілген дәрілер: тиенам; циластатин бүйректе антибиотиктің метаболизміне әсер ететін ферменттің ингибиторы.
Гликопептидтер – микроорганизмнің өткізгіштігіне әсер ететін, жасуша қабырғасының синтезін бұзатын, кең спектрлі заттар.
Антибиотиктермен емдегенде кездесетін негізгі асқынулар:аллергиялық реакциялар, ішкі ағзаларға токсикалық әсер етуі,дисбактериоз,микроорганизмдердің тұрақты штаммдарының түзілуі.
Аллергиялық реакциялардың белгілері: аллергиялық бөртпе ( есекжем ), Квинке ісінуі,тыныс алудың бұзылуы,бронхоспазм,тіпті анафилактикалық шок. Көбінесе олар табиғаты биологиялық болып келетін дәрілерді қолданғанда дамиды.
Улылығы бойынша ото-, нефро-, гепато- және нейротоксикалық әсері бар антибиотиктер деп бөлінеді.
Протеолиттік ферменттер
-жануар тектес ( трипсин,химотрипсин,химопсин )
-өсімдік тектес ( териллитин,ируксол )
-табиғаты бактериальді болып келетін ( стрептокиназа,имозимаза )
Иммунды заттар
Ағзаның инфекцияға қарсы тұру қабілетін жоғарылататын иммунды заттар:
-белсенді иммунизация үшін – анатоксиндер;
-белсенсіз иммунизация үшін гипериммунды антистафилококкты сарысу, антистафилококкты гамма - глобулин, сіреспеге, ганренаға қарсы сарысулар;
-бейспецификалық иммуномодуляторлар: пpoдигиозан,левамизол,лизоцим,тималин, Т - активин,иммуномодулин, интерферон, циклоферон, ридостин және ронколейкин.
Экстракорпоральді иммунотерапия: лейкоцитарлы тұнбадан мононук леарлы жасушаларды бөліп алып, оларды 24-48 сағат ішінде ронколейкинмен өсіп - өндіреді, содан кейін науқасқа белсендендірілген жасушаларды реинфузия жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |