Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет217/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

IV дәрежелі үсікте – тіндердің зақымдалу шекарасы сүйек пен буынның деңгейінде болады . Терінің температурасы төмендеген , аяқ - қолы мұздай , терісі көгерген , мраморлы түстес аймақтар бар . Сезімталдықтың барлық түрлері жоғалған . Көпіршіктердегі сұйықтық – қою - қоңыр түсті ( ихорозды ) . Шеткі тамырлардағы пульсация әлсіреген , ауыру сезімі мен ісіну айқын болады . Жараның түбі қошқыл - көк түсті , беті солған және құрғақ . Бірінші аптаның соңында демаркациялық жолақ пайда болады , тіндердің өліеттенуі айқындалады , ол құрғақ немесе ылғал гангрена түрінде дамиды . Некрэктомия орындалмаса , өліеттенген тіндер ажырап , грануляциялар түзіліп , жара тыртықтанып жазылады . Консервативті жолмен жара 2 айда немесе одан да көп уақытта жазылады .

Қалтырап тоңу – бірінші дәрежелі созылмалы үсік болып табылады . Қоршаған ортаның температурасы 00С жоғары болса да , ол қайталанбалы суықтың әсерінен дамиды . Оған әкеліп соқтыратын факторлар : ылғалдылық , жел , қан айналымының бұзылыстары . Қалтырап тоңуға дененің ашық жерлері ұшырайды : бет , қолдың ұшы . Зақымдалған аймақтың терісі көкшіл , кейде қызарған , сезімталдығы төмендеген , ісінген , қатайған , ұстағанда мұздай , жылтырайды , ауырады . Ауру дерматит , дерматоз , сырылу ( жарылу ) , ойық түрінде дамуы мүмкін және консервативті емге көнбейді.


Траншеялық аяқ - жергілікті суықтық жарақаттың түрі . Бұл ауру хирургтармен Бірінші дүниежүзілік соғыста алғашқы рет сипатталған . Хирургтар суға , лайға немесе ылғал қарға толған траншеяда ұзақ уақыт жатқан көптеген жауынгерлердің аяғының ұшында дамитын жарақатты аңғарған . Бұл жарақат қыстың қақаған суығында емес , керісінше көктем мен күзде , қоршаған ортаның температурасы 0 ° C - + 10 ° С аралығында болғанда дамиды . Аяқтың веналарындағы қан ағысы бұзылады , тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды , тамырлардың сыртына қанның сұйық бөлігі шығып , ісіну үдей түседі – бұның барлығы суықтың әсерінен болған зақымды күшейте түседі . Траншеялық аяқтың клиникалық көрінісі төменгі температура мен жоғары ылғалдылық әсер еткеннен кейін , бірнеше күн өткен соң байқалады .
Үсіктің емі Реактивтіге дейінгі кезеңде көрсетілетін алғашқы көмек : 1. Термоизоляция — мақта - дәкелік таңғыштар . 2. Иммобилизация – лонгетті таңғыштар . 3. Аяқ - қолды жылыту ( иық пен санды жылытқыштарды пайдаланып жылыту ) . 4. Шеткі қан айналымын ынталандыру ( артерияға – эуфиллинді , папа веринді , никотин қышқылын , новокаинді , гепаринді енгізу ) . Ауруханада жедел кезеңде венаға және артерияға енгізіледі : реополигюкин 400-800 мл ; фибринолизин 20000-40000 Бірлік ; стрептодеказа , целиаза - 750000 ХБ . Венаға дезинтоксикациялық плазма алмастырушы ерітінділерді , белокты заттарды , қан мен плазманы енгізеді . Бұлшықетке бір тәулікте гепарин 30000-40000 Бірлік салынады . Ацетилсалицилл қышқылын 0,5-1,0 граммнан күніге 4 рет ішкізеді . Антибактериальді ем жүргізіледі . Артерияға : никотин қышқылы 1 % - 1-4 мл ; эуфиллин 2,5 % - 5-12 мл ; папаверин 2 % – 2 мл ; новокаин ерітіндісі 0,25-0,5 % - 10-40 мл ; гепарин 5000 10000 Бірлік енгізіледі . Терең үсікті хирургиялық емдеудің екі жолы бар : 1 ) демаркациялық жолақтан жоғары етіп , зақымдалған аймақтың ампутациясы ерте жүргізіледі ; 2 ) демаркациялық жолақ анық пайда болғанша дейін күтіп , содан кейін ампутация жасалса , ұзын тұқыл қалады . Екінші әдіс қолайлы , себебі ағза сақтаушы операцияның қағидасына жауап береді . Суықтан жарақат алған адамдар диспансерлік бақылауда ұзақ уақыт болуы қажет . Себебі , суық әсер еткеннен кейін , бірнеше жыл бойы суыққа сезімталдық жоғары болады , аяқ пен қолдың ұштарының буындары дұрыс қозғалмайды , ауыру сезімі ұзақ уақыт сақталады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет